Мемлекет басшысының жеке бақылауымен Арыс қаласында инфрақұрылым 90%-ға қалпына келтірілген

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың жеке бақылауымен Арыс қаласында инфрақұрылым 90%-ға қалпына келтірілген

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн баспасөз-конференциясына тікелей қосылымға шыққан Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек мәлімдеді, — деп хабарлайды ortcom.kz.

Қала әкімінің айтуынша, Арыс қаласы болған оқиғадан соң екі айдың ішінде қалпына келтірілген. Оған Президент тапсырмасы бойынша қалаға барлық өңірлер көмек қолын созды.

«Жалпы Арыс қаласында 8626 үй бар. ТЖ салдарынан 7 635 үй зардап шеккен болатын. Оның ішінде 480 үй жарамсыз деп танылып, құрылысы жаңадан салынып пайдалануға берілді. Жөндеуді қажет ететін 7 155 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілген»,- деді Арыс қаласының әкімі.

Сондай-ақ, ТЖ-дан зардап шеккен Арыс қаласы және Ақдала, Дермене, Қожатоғай ауылдық округтеріне қарасты 8 елді-мекенде тұратын 62 610 азамтқа 6 млрд. 261 млн.тг өтемақы төленген.

Ал зардап шеккен кәсіпкерлік нысандарының саны 467-ні құрайды. Оның ішінде 404 нысан иелеріне «Менің Атамекенім» Қоғамдық қоры арқылы 3 млрд. 69 млн.тг кәсіпкерлік нысандарын қалпына келтіру үшін өтемақы төленді.

Мұрат Қадырбектің айтуынша, 63 кәсіпкерлік нысан иелеріне қордағы қаржының жетіспеуіне байланысты төлем алдағы уақытта жүргізілетін болады. Қалада 66 әлеуметтік нысан зардап шеккен. Олар мерізімінде жөнделіп халық игілігіне берілген. Сөз соңында әкім қаланың қалпына келтіру жұмыстарына атсалысқан барша қазақстандықтарға алғысын айтты.

Ұқсас жазбалар

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...