Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев коронавирус жұқтырған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен байланыста болғаннан кейін оқшауланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Министр қазір оқшауланды. Ол коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынас жасаған ретінде оқшауланды. Елжан Біртановпен ұшақта бірге келді. Таңертең аппарат кеңесі және барлық шара жоспарға сәйкес өтіп жатыр. Министр бәрін үйден өткізіп жатыр», — деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз хатшысы Самал Ибраева.
Оның айтуынша, Мырзағалиевтің коронавирусты анықтауға тапсырған тесті теріс болған.
«Апта соңында тағы тест тапсырады», — деп нақтылады ол.