Төлеби ауданының «Біркөлік» шатқалында жоғалған екі оқушы құтқарылды, — деп хабарлайды «Айғақ-Ақпарат» тілшісі Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменітінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Балаларды таудан түсіру үшін құтқару операциясы жүргізуге Түркістан облысының ТЖД қызметкерлерімен бірге Шымкенттің құтқарушылары жұмылдырылды.
«16 маусымда түнгі сағат 2-ден бастап таудан табылған екі жасөспірімді таудан түсірді. Табылған оқушыларды таудан түсіру үшін құтқару жұмыстары бес сағаттан астам уақытқа созылған. Балаларды түсіру және құтқару альпинизм техникасын қолдану арқылы жүзеге асырылды », — делінген хабарламада.