• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Наурыз 8, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты

15.06.2020
0

Қазіргі таңда Түркістан қалалық орталық ауруханасына тұмаудың белгілерімен дәрігерлік көмекке азаматтар жиі жүгінуде. Науқастарда дене қызуының көтерілуі, жөтел және әлсіздік байқалған. Медициналық тексеру нәтижесінде науқастардан пневмония, яғни өкпенің қабынуы анықталды. Тексеру барысында науқастардан коронавирус инфекциясына теріс нәтиже шығып жатыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов мәлімдеді.

Оның айтуынша, ауруханаға түскен азаматтардан шұғыл түрде Covid-19 инфекциясына талдама алынады. Талдама анықталғанға дейін олар провизорлық бөлімде ем қабылдап, теріс нәтижесі шыққандары аурухана бөлімдеріне жатқызылып, тиісті емдерін қабылдауда.

«Статистика бойынша қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша ауруханаларда  303 науқас пневмониядан ем қабылдауда. Жалпы, 87 азамат жазылып шыққан. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде ауруханаларда орын жетіспеушілігі туралы қауесет тарады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Ауруханаларда науқастарға төсек-орын жеткілікті. Кентау қалалық орталық ауруханасында 50 орындық соматикалық бөлімше қайта даярланды. Түркістан қалалық орталық ауруханасында да  қосымша 30 төсек-орын әзірленген. Орын алған жағдайға байланысты науқастарды жоспарлы жатқызуларға шектеу қойылған. Жеке клиникалар да өздеріне бекітілген тұрғындарға тиісті медициналық  қызмет көрсетеді», — деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, облыстың бас дәрігері барша тұрғындардан қарантин режимін қадағалап, инфекциясының таралуына жол бермеуге шақырады. Медициналық бетперде тағып,  антисептикалық заттарды үнемі қолдануға және екі метр қашықтықты сақтай отырып,  қауіпсіздік шараларын қадағалауды ескертті.

Сонымен қатар, брифингке қатысқан облыстың бас санитар-дәрігері Нұрбек Нышанов карантин режимі облыс аумағында эпидемиологиялық ахуал тұрақтанған кезеңге дейін жалғасатынын айтты.

«Эпидемиологиялық ахуал тұрақтануы үшін өсім 1 апта көлемінде 5%-дан аспауы қажет. Егер өсім 2%-дан аспаса, қосымша жеңілдіктер енгізілуіне негіз болады. Ал, өсім көрсеткіші төмендемеген жағдайда,  карантиндік талаптар қайта күшейтіледі. Тұрғындарға қарапайым сақтық шараларына ерекше назар аударылуы тиістігін еске саламыз. Атап айтқанда, екі және одан көп адамның бірлесіп серуендеуі кезінде бетперде міндетті түрде тағылуы, әлеуметтік қашықтық (2 метрден кем емес) сақталуы тиіс», — деді Нұрбек Садықбекұлы.

Облыстың бас санитар-дәрігері мыналарға тыйым салынғанын айтты: отбасылық іс-шараларды өткізуге; ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге; сауда-ойын-сауық орталықтары жанындағы балалардың ойын алаңдары, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің, түнгі клубтардың, батут және фудкорттардың жұмысына; мал базарларының қызметіне. Карантин режимін және шектеу шараларын сақтамаған тұлғаларға ҚР заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шара қолданылмақ.

Нұрбек Нышановтың айтуынша, Түркістан облысы бойынша коронавирус індетін жұқтырған 594 жағдай тіркелген. Ауырғандардың  7- і  қайтыс болып, 265 адам жазылып шыққан.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...

4 ЖАСТАҒЫ ӘЛИ БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫ ИГЕРІП ҮЛГЕРГЕН

4 ЖАСТАҒЫ ӘЛИ БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫ ИГЕРІП ҮЛГЕРГЕН

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Түркістан облысында төрт жастағы Әли Адамбек мектеп табалдырығын аттап, бастауыш сынып бағдарламасын меңгеріп үлгерген. Құрдастары әріп танып жүргенде, ол күрделі...

ТАРАЗДА ЗАҢСЫЗ БЕЛГІ ҮШІН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАППАЙ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

ТАРАЗДА ЗАҢСЫЗ БЕЛГІ ҮШІН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАППАЙ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Таразда жол ережесін бұзбаған бірнеше жүргізуші заңсыз айыппұл төлеп келген.Тексеріс Сүлейменов көшесінде орнатылған 40 км/сағ жылдамдық шектеу белгісінен басталды.Камералар жылдамдықты...

1,5 МЛН ТЕҢГЕ: СЕМЕЙДЕ АУЫЛҒА КӨШУ БАҒДАРЛАМАСЫ

1,5 МЛН ТЕҢГЕ: СЕМЕЙДЕ АУЫЛҒА КӨШУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

“10 сиыр мен бір жылқы бар”: Семейде әкімдік тұрғындар ауылға көшу үшін 1,5 миллион теңге ұсынуда.Семейде “Қаладан – ауылға” атты...

ҚАЗАҚСТАН КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ 4 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ 4 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында Әлем кубогының кезеңі басталды. Халықаралық турнирдің алғашқы күні Қазақстан құрамасы төрт алтын медаль...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КӨЛІГІМЕН ҚАЛАҒАН КҮНІ КӨШЕГЕ ШЫҒА АЛМАУЫ МҮМКІН

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КӨЛІГІМЕН ҚАЛАҒАН КҮНІ КӨШЕГЕ ШЫҒА АЛМАУЫ МҮМКІН

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Енді қазақстандықтар қалаған күні көлігімен көшеге шыға алмайды. Мемлекеттік нөмірдің соңғы цифры 9 болса сіз 2-сі, 4-і, 16-сы сияқты даталарда...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.