Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы 2020 жылғы 12 тамызға тағайындалды. Аталмыш құжат Жарлығына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған, — деп хабарлайды «Айғақ-Ақпарат» тілшісі Ақордаға сілтеме жасай отырып.
Осы ретте, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау туралы Қаулы негізі бар.