• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Наурыз 4, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

«Абайдың толық адам ілімі» оқырманға жол тартты

12.06.2020
0

2020 жылдың 12 маусымында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «ТҮРКІ ӘЛЕМІ: АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ» атты онлайн жүйеде халықаралық мәдени-ағарту форумы өтті.

Мәдени-ағарту форумын М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор  Дария Пернешқызы Қожамжарова ашты.

Форум негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың 2017 жылдың 12-сәуіріндегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі идеяларын  жүзеге асыруға бағытталды.

Мәдени-ағарту форумын Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрлігінің Алматы қаласындағы «ЮНЕСКО» қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығы мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіндегі «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің «МИРАС» Рухани жаңғыру Академиясы (қоғамдық ұйымы) ұйымдастырып, өткізді. Іс-шара еліміздің және шетелдік мамандардың көмегімен, заман талабына сәйкес  цифрлық  жүйеде ұйымдастырылды.

2020 жылдың 9-қаңтарындағы  Қазақстан Республикасының Президенті  Қ.Ж.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «…Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды» — деп, халықтың ой-өрісін кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуы үшін ұлтымыздың Ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өтуге баса назар аударылды.

Форум жұмысына Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «ЮНЕСКО» қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры Олжас Омарұлы Сүлейменов,   Қазақстан  Республикасының  Қазақстан Халқы Ассамблеясы Төрағасының  бірінші орынбасары,  филология ғылымдарының докторы, профессор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық дамыту институтының басшысы Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев бейнеқұттықтау  жолдады.

Мәдени-ағарту форумын Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрлігінің Алматы қаласындағы «ЮНЕСКО» қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығының бас ғылыми қызметкері, жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы, Қазақстан Республикасының  Ұлттық ғылымдар Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ханкелді Махмұтұлы Әбжанов, Ресей Федерациясы Бас консулдығының  консулы  Переверзева Ирина Владимировна, Түркия Республикасы Сельчук университетінің профессоры Хаджи Ахмет Шимшек, Қырғызстан Республикасының Талас мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жусупова Моймол Молдабековна, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай іргелі ғылыми баяндамалар жасады.

Мәдени-ағарту форумында республикамыздың Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Түркістан, Шымкент, Тараз қалаларынан белгілі ғалымдар, мемлекет, қоғам және мәдениет қайраткерлері, ғылыми-зерттеу орталықтардың және институттардың басшылары, сонымен қатар Семей қаласындағы «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі өз зерттеулерімен бөлісті. Атап айтқанда, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Қазақтан халқы Ассамблеясы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Абайтану» және «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер орталығы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Шәкәрім атындағы университет, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, ОҚМПУ-дың «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі, «Әділет» республикалық тарихи-ағарту орталығы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Абайтану», «Мұхтартану», «Түркітану» ғылыми-зерттеу орталықтары  болды.

Сонымен қатар форумның жұмысында шетел елшіліктерінің  консулдары (Ресей Федерациясы), ЮНЕСКО-ның қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығы кластерлік бюросының мамандары және М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің (Ресей Федерациясы, Мәскеу қ.) педагог-ғалымдары да өз ойларымен бөлісті.

Форумға қатысушылар оның өткізілуі барысында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай шығарылған  жаңа  зерттеулермен танысты. Сонымен қатар ғалым, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының «Абайдың толық адам ілімі» кітабының тұсауы кесілді.

Форум қатысушыларына Семей қаласындағы Абай мұражайының жаңа жобалары, «МИРАС» Академиясының жұмысы кеңінен таныстырылды.

Форум соңында Шымкент қаласы және Түркістан облысының жалпы орта білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары, арнайы орта білім беру мекемелерінің І-ІІ курс студенттері және жоғары оқу орындарының І курс студенттері арасында 2020 жылы ақпан және мамыр айлары аралығында өткізілген ғылыми-зерттеу және шығармашылық жобалардың ІІІ-ші байқауы қорытындыланды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...

4 ЖАСТАҒЫ ӘЛИ БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫ ИГЕРІП ҮЛГЕРГЕН

4 ЖАСТАҒЫ ӘЛИ БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫ ИГЕРІП ҮЛГЕРГЕН

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Түркістан облысында төрт жастағы Әли Адамбек мектеп табалдырығын аттап, бастауыш сынып бағдарламасын меңгеріп үлгерген. Құрдастары әріп танып жүргенде, ол күрделі...

ТАРАЗДА ЗАҢСЫЗ БЕЛГІ ҮШІН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАППАЙ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

ТАРАЗДА ЗАҢСЫЗ БЕЛГІ ҮШІН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАППАЙ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Таразда жол ережесін бұзбаған бірнеше жүргізуші заңсыз айыппұл төлеп келген.Тексеріс Сүлейменов көшесінде орнатылған 40 км/сағ жылдамдық шектеу белгісінен басталды.Камералар жылдамдықты...

1,5 МЛН ТЕҢГЕ: СЕМЕЙДЕ АУЫЛҒА КӨШУ БАҒДАРЛАМАСЫ

1,5 МЛН ТЕҢГЕ: СЕМЕЙДЕ АУЫЛҒА КӨШУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

“10 сиыр мен бір жылқы бар”: Семейде әкімдік тұрғындар ауылға көшу үшін 1,5 миллион теңге ұсынуда.Семейде “Қаладан – ауылға” атты...

ҚАЗАҚСТАН КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ 4 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ 4 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында Әлем кубогының кезеңі басталды. Халықаралық турнирдің алғашқы күні Қазақстан құрамасы төрт алтын медаль...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КӨЛІГІМЕН ҚАЛАҒАН КҮНІ КӨШЕГЕ ШЫҒА АЛМАУЫ МҮМКІН

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КӨЛІГІМЕН ҚАЛАҒАН КҮНІ КӨШЕГЕ ШЫҒА АЛМАУЫ МҮМКІН

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Енді қазақстандықтар қалаған күні көлігімен көшеге шыға алмайды. Мемлекеттік нөмірдің соңғы цифры 9 болса сіз 2-сі, 4-і, 16-сы сияқты даталарда...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.