• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қаңтар 25, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Түркістан: ҰБТ-ға 18634 түлек қатысады

28.05.2020
0

Бүгін «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы өңір тұрғындарына арнап тікелей эфир ұйымдастырды. Партия мінберінде Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы  Рақымбек Жолаев 2019-2020 оқу жылын қортындылап, білім саласындағы жаңалықармен бөлісті. Эфирді «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жүргізіп отырды.
Рақымбек Жолаевтың айтуынша, пандемия қаупіне байланысты биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуінде сақтық күшейтіледі.


«Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Өткізу ережесі бұрынғыдай. Дегенмен әр аудиториядағы тестілеуге қатысушылар саны 2 есеге азаяды. Мысалы бұрын әр партада бір түлек тест тапсырса, енді екі метр көлемінде ара-қашықтық сақталады. Барлық тест өткізу пунктері жылу тексергіш құралдарымен, жедел жәрдем пунктерімен, дезинфекциялау туннельдерімен, санитарлық тазартықшармен, респираторлық маскалармен, қолғаптармен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге 3-4 маусым күндері санитарлық талаптарды сақтай отырып, түлектер үшін мектеппен қоштасу салтанатты іс-шараларын өткізуді жоспарлап отырмыз. Мектептің ауласында қысқа ғана уақытқа созылатын жиынға сынып жетекшісі мен бірнеше ұстаз және шектеулі деңгейде ата-аналар ғана қатыстырылады. Қатысушылар түгел маска киіп, ара-қашықтықты сақтауы тиіс. Түлектердің өміріндегі ерекше сәтке арналған іс-шара өтуі тиіс ойлаймын», – деді ол.
Биыл Түркістан облысы бойынша  11 сыныпты   24658 оқушы бітірді.   Коронавирус пандемиясына байланысты ҰБТ-ға өтініш беру рәсімі онлайн және дәстүрлі түрде жүргізілді. Облыс бойынша тестілеуге 24658 бітірушінің 18634-і өтініш берді. Бұл жалпы түлектердің 75,5 пайызын құрайды. Бір айта кетерлігі, өтініш берушілер саны 7 пайызға көбейген. Былтыр түлектердің 68,8 пайызы тестілеуге қатысуға өтініш берген болатын. Яғни, қауіпті індет түлектердің білімге деген құлшынысына кедергі келтіре алмаған.
Облыста ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге арналған 15 пункт әзірленген. Шалғай ауылдарда тұратын 11200 оқушыны ҰБТ өткізу орындарына тасымалдау үшін тиісті қаржы қаралған. Облыста көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін мемлекет тарапынан қосымша гранттар да қаралады. Ол үшін әрбір түлек ең төменгі 50 баллдан жоғары жинауы тиіс.
Басқарма басшысы облыс аумағын кең жолақты интернетпен толық қамтамасыз ету бағытында жұмыстар басталғанын, егер пандемия жалғасқан жағдайда әрбір ата-ана балаларын қажетті құрылғылар – смартфон, планшет, ноутбукпен қамтамасыз етуге күш салулары керектігін айтты.
«Біз 1 қыркүйекте дәстүрлі оқу жүйесіне көшіп, оқу жылын мектептерде қарсы алуға үміттеніп отырмыз. Карантин тоқтаса, оқушыларымызды жазғы сауықтыру лагерлеріне жіберуге де дайынбыз. Демалыс орындары сақадай-сай. Бірақ қауіпті індеттің таралуы тоқтамаса, қашықтықтан оқытуға мәжбүр боламыз», — деді Р.Жолаев.
Жалпы партия филиалының фейсбук және инстаграмм әлеуметтік желісіндегі парақшалары арқылы  эфир 2 мыңнан астам қаралым жинап, 100-ден астам сұрақ қойылды. Басқарма басшысы олардың бірқатарына сол мезетте жауап берсе, қалған сұрақтар бойынша да тиісті жұмыстар атқарылады.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТӘТТІГҮЛ ТАЛАЕВА  “ПАРАСАТ” ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ТӘТТІГҮЛ ТАЛАЕВА “ПАРАСАТ” ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
21.01.2026
0

Ақтөбе облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік марапаты – «Парасат» орденімен марапатталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт...

ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ: ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАҒАН ШЕШІМДЕР

Айғақ медиа
20.01.2026
0

2023 жылы 17 маусымда Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбына арналды. Президенттің айтуынша,...

ҰЛЫТАУДАН БАСТАЛҒАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ: ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАҒДЫРЫ ТАЛҚЫЛАНҒАН МІНБЕР

Айғақ медиа
20.01.2026
0

Ұлттық құрылтай 2022 жылдың 16 маусымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылып, алғаш рет Ұлытау облысынан бастау алған болатын. Биыл...

АТЫРАУ ТӨРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ: ӘДІЛ ҚОҒАМҒА БАСТАР БАҒЫТ

Айғақ медиа
20.01.2026
0

2024 жылы 15 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Атырау қаласында Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтті. Атырау облысындағы Сарайшықта өткен Ұлттық...

БУРАБАЙ ТӨРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ: ОРНЫҚТЫ ДАМУҒА БАСТАР ЖОЛ

Айғақ медиа
20.01.2026
0

2025 жылы 14 наурызда Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан: Бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбында өткен ІV отырысы Бурабайда ұйымдастырылды. Президент бұл жиында...

ҚАЗАҚСТАНДА «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ТОЛЫҚ КҮШІНЕ ЕНДІ

Айғақ медиа
20.01.2026
0

Қазақстанда «Жасанды интеллект туралы» заң ресми түрде толық қолданысқа енгізілді. Құжатқа қол қойылғаннан кейін өткен 60 күндік мерзім аяқталып, заң...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.