Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов 40 жыл білім саласында еңбек етіп, бала тәрбиесіне білім нәрін құюда еселі тер төккен Жанатсұлу Сағдуллаеваға Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың және өзінің атынан алғыс хат табыстады.
⠀
Құрметті демалысқа шыққан Ж. Мырзахметқызы шаһардағы бірқатар білім ошақтарында кітапханашы, пән мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және мектеп директоры қызметтерін атқарған.
⠀
Қала жастарының білікті маман болып қалыптасуына қосқан елеулі еңбегі үшін құрмет көрсеткен Р. Аюпов, алда қаланың білім саласы бойынша дамуында еңбек еткен зейнеткер мұғалімдер үшін «Қоғамдық бірлестік» құруды «Адами капиталды дамыту» бөліміне тапсырды.
Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ
Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...










