• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Маусым 11, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

«TÚRKІSTAN BAQ — 2020» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

12.05.2020
0

Байқау өңірдегі БАҚ саласын дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін көтеруге, БАҚ өкілдерінің азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған.

Мақсаты — талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестеріне құрмет көрсету. Байқаудың марапаттау рәсімі 2020 жылғы  1 шілдесінен кешіктірілмей өтеді.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы 2020 жылғы                       15 мамырдан бастап «Túrkіstan BAQ — 2020» шығармашылық байқауына материалдар қабылдауды бастайды. Байқауда бақ сынайтын БАҚ өкілдері Түркістан облысының дамуына қатысты позитивті материалдарын 2020 жылдың 15 маусым, сағат 19.00-ге дейін тапсыра алады.

Бұл байқауға өңірдегі БАҚ саласындағы кез келген ұжым, журналист қатыса алады. Байқауға БАҚ өкілдері 2020 жылғы                             5 қаңтардан бастап, 2020 жылғы 15 маусым аралығында жарияланған материалдарын жолдауы тиіс. Бір журналист үш (3) материал ұсына алады.

Байқауға қатысу үшін өтінімді толтырып, ұйымдастырушының uvpkonkurs@mail.ru электронды поштасына жұмыстарды жолдау қажет (ТО Қоғамдық даму басқармасы, Ақпараттық ресурстар және БАҚ мониторингі бөлімі).

Сонымен бірге Түркістан қаласы, Байбұрт көшесі, нөмірсіз (Ханака қонақ үйі), 2 қабат 6 кабинет мекенжайына жеткізуге болады.

 Байқау тізбеге сәйкес келесі номинациялардан тұрады:

 

  1. «Алтын қалам»

(Мерзімді басылымдағы үздік талдау-сараптама үшін)

  1. «Tүркістан-Темірқазық»

(телеарнадағы ақпараттық-талдау бағдарламасына арналған үздік сюжет)

  1. «Объектив»

(Фотографтар, телеоператорлардың өңір туралы үздік жұмыстары үшін)

  1. «Тұран сайыпқыраны»

(Республикалық, облыстық БАҚ тілшілерінің үздік жұмыстары үшін)

  1. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, «Ұлы Абай» тақырыбындағы үздік деректі фильмі

  2. Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Фараби феномені» тақырыбындағы үздік деректі фильмі

  3. «Түркістан жанашыры»

(Өз энтузиазмымен өңір туралы блогплатформалар мен тұғырнамаларда, әлеуметтік желілерде позитивті жаңалық жариялаушы желі белсенділері мен фрилансерлер)

  1. «Алтын көпір»

(Әкімдік пен журналистер қауымының арасында алтын арқау болған белсенді баспасөз хатшыларының еңбегі үшін)

  1. «Жаңа ақпарат» — облыс көлемінде республика бойынша үздік сайтты марапаттау.

  2. «Үйлесім»

(Үздік корректор мен дизайнер және монтаж жасаушыларға және техникалық қызметкерлер еңбегін бағалау)

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Жеңімпаздарды марапаттау және дипломдар мен бағалы сыйлықтарды тапсыру 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен сабақтастырылады.

Жеңімпаздарды айқындау және сыйлықтарды тағайындау байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады. Байқау комиссиясы – Түркістан облысы әкімі жанындағы БАҚ жөніндегі кеңес мүшелерінен тұрады.

Байқау комиссиясы үміткерлерді іріктеу барысында келесі шарттарды басшылыққа алады:

  • материалдардың байқау талаптарына сәйкестігі;

  • материалдың объективтілігі;

  • кәсіби шеберлігі;

  • журналистиканың этикалық қағидаларына сәйкестігі.

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

Ұсынылатын жұмыстардың тақырыбы: Байқауға Түркістан облысына қатысты әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани, сараптамалық, ақпараттық материалдар қабылданады.

Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар:

  • Баспасөз материалдары Microsoft Word және PDF форматында жарияланымымен қоса өткізіледі (сканерленген көшірмеде атауы мен баспасөз БАҚ-тың шығыс деректері болуы керек). Сондай-ақ түпнұсқасын әкелу құпталады;

  • ТВ-материалдары DVD-дисктерде беріледі, фото жұмыстар – CD немесе DVD-дискте;

  • Бейнематериалдар 1920 х 1080 full HD кем емес рұқсатымен DVD форматта, хронометраж – 1 (бір) минуттан кем емес (бейнесюжеттер үшін) және 15 (он бес) минуттан (деректі фильмдерге немесе телебағдарламалар үшін) кем емес;

  • Байқау жұмыстарын USB (flash) тасымалдаушымен беруге болады.

  • Өтінім мен Байқау жұмыстары хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей өткізілуі керек.

Байқау тақырыбына, қойылатын талаптарға сай келмейтін,                 сондай-ақ мерзім аяқталғаннан кейін өткізілген жұмыстар байқауға жіберілмейді. Байқау жұмыстарының мәлімделген тақырыпқа сәйкестілігін Байқау комиссиясы анықтайды. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді.

БАЙҚАУ КОМИССИЯСЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТӘРТІБІ

Комиссия құқылы:

— осы байқау туралы ереженің талабына сәйкес келмеуі негізінде байқауға қатысушыны қабылдамауға;

— Байқау комиссиясы байқау жұмыстарының қорытындысы бойынша қабылданған шешім туралы түсінік беруге міндетті емес.

Комиссия міндетті:

— Байқауға қатысушылардың барлығына бірдей жағдай жасауға;

— Байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз етуге;

— Байқау қорытындысы туралы мәліметтерді алдын ала жариялануына жол бермеуге.

Байқау жеңімпаздарын марапаттаудың салтанатты рәсімі 2020 жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей өткізіледі.

Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты

Түркістан қаласы, Байбұрт көшесі, нөмірсіз (Ханака қонақ үйі),                 2 қабат 6 кабинет. Байланыс телефоны: 7 775 368 5785 Эльвира Арыстанбекқызы, 8 705 491 22 97 Нұрбол Бауыржанұлы.

электронды пошта:  uvpkonkurs@mail.ru

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
23.05.2025
0

Түркістан қаласының нышанын (герб) әзірлеуге конкурс жарияланған болатын. Өтінім қабылдауға санаулы күн қалды, 3-маусымға дейін. Үздіктері қаржылай марапатталатын болады. Атсалысуға...

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.