Шымкент қаласында Төтенже жағдай режимі аяқталды. Алайда, карантин жалғасады. ҚР Бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысына сәйкес, карантиндік режим сақталады. Талаптар мен қағидалар жеңілдетіліп, 25 мамырға дейін ұзартылды. Қала аумағындағы пост бекеттер жұмысы аяқталады. Қаланың шекарасындағы 18 блок посттан тек рұқсат қағазы барлардың ғана өтуіне мүмкіндік бар.
Ал, 2 айға жуық есіктеріне құлып салынған бірнеше нысандар жұмыстарын бастайтын болды. Олар ірі сауда орындары, ХҚО және құрылыс дүкендері сән салондары, туризм саласы бойынша қонақ үйлер. Әрине, санитарлық эпидомиологиялық талаптарды сақталуы тиіс. Тамақтанатын орындар жеткізу режимімен 10:00 мен 22:00 уақыт аралығында жұмыстарын жалғастырады. Ең бастысы, қоғамдық көліктер таңғы сағат 7:00-ден кешкі 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Қала аумағында бетперде режимі сақталады. Дегенмен, кинотеатрлар, тойханалар және көрмелер мен діни нысандардың есігі
25 мамырға дейін жабық.
Мегаполисте Covid-19 инфекциясын жұқтырғандардың саны — 230. Жазылып шыққандар яғни, ем қабылдап үйіне оралғандардың саны 130-ға жетіп отыр. Карантин режимі қағидаларының қатаң түрде жүргізілгенінің нәтижесінде инфекцияның таралуына тосқауылдар қойылды. Сайып келгенде, аталмыш вирусты жұқтырғандар дер кезінде анықталып, 32 карантиндік ошақтар анықталған.