7 Мамыр «Отан қорғаушылар» күні және 9 Мамыр Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдық мерекесіне орай Жетісай аудандық Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің бастамасымен бірқатар игі істер жүзеге асырылды. Сонымен айтулы мереке Жетісай қаласында тұратын ҰОС ардагерлерін ұлықтаудан бастау алды. Яғни жергілікті жердегі Ауған соғысының ардагерлері бұл күні 98 жастағы Нәлібай Мамадалиев ақсақалдың шаңырағына арнайы келіп майдангер қартты мерекесімен құттықтады. Отты жылдарды бастан өткеріп бүгінгі бейбіт өмірді сыйлаған ақсақалға Ауған соғысы ардагерлері атынан мерекелік тарту ретінде азық-түлік себеті табыс етілді. Шараны ұйымдастырушылар бұл күні Жетісайлық ҰОС ардагерінің тағы бірі Петр Попковты да құттықтап өтті. Айта кету керек Жетісай ауданының белсенді Ауған соғысы ардагерлері Мақтаарал ауданындағы су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындарға да қаржылай көмектерін ұсынды. Төтенше жағдай салдарынан Жетісай қаласындағы номері 8-ші мектепке эвакуацияланған Өргебас және Жеңіс ауылының тұрғындарымен кездескен ардагерлер мұндағы тұрғындарды сабырлыққа шақырды. Әрмен қарай Отан қорғаушылар күніне орайластырылған игі істер барысында Ауған соғысының ардагері, бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан Мұғалбай Шаймерденов та құрметке бөленді. Денсаулығына байланысты жүріп-тұрудан қалған азаматқа жергілікті Ауған соғысы ардагерлері атынан су жаңа мүгедектер арбасы тарту етілді.
Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ
Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от президента ТРК «Айгак» Абиш Дулатбека Назарбековича с...