Жақынына жылуын жинап, көмекке асыққан Жамбыл облысы әкімдігінің 30 тоннадан аса азық-түлік тиелген керуені киелі Тараздан Мақтаарал ауданына жолға шықты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Айта кетейік, 2019 жылдың маусым айында Арыс оқиғасы орын алған тұста халыққа алғашқы гуманитарлық көмекті жамбылдықтар жолдап еді. Бұл жолы да Мақтаарал жұртына жақсылық жасауға атсалысты.
Көмектің ішінде:
10 тонна ұн
10 тонна күріш
5 тонна қант
1 тонна гречка
2 тонна (сұйық май)
2 тонна макарон өнімдері мен 5 тонна бірінші қажетті заттар (жаңа) бар.