Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі! Төтенше жағдайдан көз ашпаған қасиетті Түркістан облысы халқының бірлігі — күн артқан сайын бекемделіп келеді. Дәл сол айтып отырған «бірлік» деген ұғымның көрінісі кешегідей сын сағатта сыналады. Осындай сынақта Мақтаарал халқының қиындығын шынайы сезіне білген Арыс қаласының тұрғындары көмек қолын созды. 10-нан аса жүк көліктеріне азық-түлік пен тұтынуға қажетті заттар тиеп, аттандырмақ.
Ертең сағат таңғы 06:00-де жолға шығуға әзір. Жайлы үй мен қамсыз тіршіліктің қадірін түсінетін арыстықтар — жерлестеріне осылайша көмек көрсетуде. Оқиғаны естіген сәттен бастап, бірлесіп қаржы жинаған. Себебі, кезінде Мақтааралдың кебін Арыс та киген еді.
Айғақ-Ақпарат