Халқы құрметтеген ел ағасының елеулі еңбегі көз алдымызда киноның лентасындай өте шыққандығын жасыра алмаймыз. Қашан да іскерлігімен кез келген тірлікті ұршықтай иіріп, жұмысын жандандырып жүретін Әліпбек Өсербаевтың Ордабасы ауданының әкімі болып тағайындалғанына көп уақыт бола қойған жоқ еді. Алайда, аудан орталығын әп сәтте көріктендіріп, келбетін келтіргенінің Сіз бен Біз куәсіміз.
Рухани астананы талай жыл басқарып, қасиетті Ордабасыда жалғастырған жарасымды істері көпке үлгі. Қалың қауымның сүйіспеншілігіне кенелген Әліпбек Шәріпбекұлының 1 сәуірде «Айғақ» телеарнасына арнайы берген сұхбатының соңғы боларын кім білген?! Иманыңыз жолдас болсын!