Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен, Бәйдібек аудандық мәслихаты депутаттарының қолдауымен Бәйдібек ауданының әкімі болып Шәріпбеков Ержігіт Шәріпбекұлы тағайындалды. Бүгін қызметіне кіріскен жаңа әкім бұған дейін Сайрам ауданында талай жыл мемлекеттік қызмет саласында тәжірибе жинақтаған. Аудан басшысының орынбасары болды. Сайрамның сансыз тірлігін көріп, тіршілігінде қайнаған Ержігіт Шәріпбекұлы енді Бәйдібек ауданының экономикалық ортасындағы әлеуетті әрмен қарай иіріп әкететіндігіне сеніміміз мол. Қызметте сәттілік тілейміз!
«Айғақ-Ақпарат»