Бүгіннен бастап, Шымкент қаласындағы Темірлан тас жолы мен Алматы тас жолы қиылысындағы бағдаршамдар өшіріледі,- деп хабарлайды aigak.kz тілшісі. Себебі, Бекжан базары жанындағы жол үсті өткелінде көлік кептелісін болдырмау мақсатында түбегейлі жабылады. Енді жүргізушілер Темірлан тас жолынан Алматы тас жолына бағыт алу үшін қосымша айналма бағытпен қатынауы тиіс. Басқарма мамандары мен полиция қызметкерлері, жүргізушілерді аталған шараға түсіністікпен қарауға шақырады.

Айғақ-ақпарат