Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы болып полиция полковнигі Бауыржан Селтанов тағайындалды.
Түркістан облысы ПД-нің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков, Түркістан қаласы ПБ-ның жеке құрамына жаңа бастықты таныстырып, жұмысына табыс тіледі.
Полиция полковнигі Бауыржан Селтанов Ішкі істер органдарында 1995 жылдан бері қызмет атқарады. ҚР ІІМ Қостанай заң институтының түлегі. Заңгер. Жедел-тергеу бөлімдерінде үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Шымкент қалалық ІІБ, Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД Криминалдық полиция мен Штаб басқармасын басқарған. 2018 жылдан бастап Түркістан облысы ПД Ордабасы АПБ бастығының қызметін атқарған. Полиция полковнигі Б. Селтанов тәжірибелі және кәсіби басшы. ҚР ІІМ медальдарымен және грамоталарымен марапатталған.
Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі