Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 32-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Коронавирус жұқтырғандардың көпшілігі сырттан келген Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимі енгізілді Медеу, Шымбұлақ және Көк-Төбе келушілер үшін жабылды. Елордада дезинфекциялау шаралары күшейтілді «Коронавирус инфекциясы бойынша тағы бес адам тіркелді. Алматыда 4, елордада 1 адам. Демек, Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны 15, елордада 17 адам болып, жалпы, 32 адам тіркеліп отыр», — деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп министрліктің фейсбук парақшасында.