• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Шілде 12, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Биылғы қаңтар-ақпанда экономиканың базалық салаларында оң қарқын сақталған — ҚР ҰЭМ

10.03.2020
0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.

Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов екі айдың қорытындысы бойынша экономиканың жай-күйі туралы баяндады. Оның айтуынша, әлемдік тауар нарықтарында мұнай мен металл бағасының айтарлықтай төмендеуі байқалады.

Биылғы 9 наурыздағы жағдай бойынша мұнай бағасы бір барреліне $34 құрады. Бұл жыл басымен салыстырғанда екі есе арзан. Оған қоса күн ішінде мұнай бағасы бір барреліне $31 дейін төмендегені байқалды. Металдар бағасы да төмендеуді көрсетті. Мырыш бағасы – 16%-ға түсті, мыс – 12%-ға, темір кені – 4%-ға, ферроқорытпалар – 1,2%-ға төмендеді.

«Әлемдік капитал нарықтарында жоғары құбылмалылық байқалуда. Жыл басынан бері америкалық биржа индекстері 14%-ға, еуропалық индекстер 15%-ға дейін және қытай индекстері 13%-ға төмендеді. Бұл үрдістер сыртқы нарықтардағы жоғары белгісіздікті көрсетеді», — деді Р. Дәленов.

Ағымдағы кезеңде Қазақстанның кредиттік рейтингі нақтыланды. Халықаралық рейтингтік агенттіктер (Fitch Ratings, Standard and Poor`s) Қазақстанның дербес кредиттік рейтингін растады. Болжам «тұрақты» деңгейде сақталды. Бұл ретте рейтингті Standard and Poor’s осы жылғы 6 наурызда, ал Fitch Ratings 21 ақпанда айқындады.

Сыртқы халықаралық сарапшылардың пікірінше, рейтинг болжамы елдегі макроэкономикалық тұрақтылық, ішкі сұраныс резервтері және мұнайлық емес сектордың ұлғаюына байланысты.

Ұлттық экономика министрі атап өткендей, сыртқы конъюнктураны және сыртқы жағдайларды назарға ала отырып, дамудың сценарийлік болжамдары мен тиісті шаралар топтамасы әзірленді. Бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету бойынша тәсілдер қалыптастырылды. Бұл ретте мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін қаржыландыру толық көлемде орындалатын болады.

«Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорлары жұмыс істеуде. Еңбек нарығындағы жағдайға мониторинг жүргізілуде. Инвестициялық жобалар пулы іске асырылуда. Аталған шаралар макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауға бағытталған», — деді ұлттық экономика министрі.

Осы жылғы қаңтар-ақпанда жалпы ішкі өнімнің өсуі 3,3%-ды құрады. Бұл оң көрсеткіш құрылыс, өнеркәсіп және сауда көлемдерінің ұлғаюымен қамтамасыз етілді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 11,6%-ға өсті. Жылдық инфляция 6%-ды құрап, нысаналы дәліздің шегінде қалыптасты. Қаңтар-ақпанда экономиканың базалық салаларында оң серпін сақталды. Құрылыста өсім 11,9%, байланыста – 10,7%, өнеркәсіпте – 5,8%, саудада – 3,6%, ауыл шаруашылығында – 2,2% деңгейінде болды.

«Биылғы қаңтарда сыртқы сауда айналымы $6,7 млрд құрады. Экспорт көлемі – $4,3 млрд, ал импорт – $2,4 млрд құрады. Сауда балансының оң сальдосы қамтамсыз етілді. Өнеркәсіптің өсу қарқыны 5,8%-ды құрады. Бұл ретте  өңдеу секторы (9,4%) кен өндіруге (4,7%) қарағанда екі есе жоғары қарқынмен өсті. 8 өңірде өнеркәсіп көлемдері 5,9%-дан 8,3% аралығында өсті. Өңдеу секторында 9,4% деңгейінде өсімге қол жеткізілді. 5 өңірде орташа республикалық деңгейден жоғары өсу байқалады», — деді Р. Дәленов.

Осы жылғы қаңтар-ақпанда экономикаға 1,5 трлн теңге инвестицияланды. Құрылыс секторында өсу 11,9%-ды құрады. Жыл басынан бері 1,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ауыл шаруашылығында шығарылым 2,2%-ға өсті.

Жалпы, ұлттық экономика министрінің айтуынша, биылғы екі айдың қорытындысы бойынша оң қарқын сақталуда.

Сонымен қатар, сыртқы қауіптердің әсерін төмендету үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар келесі аспектілерге назар аударуы қажет:

  • сыртқы қауіптерге мониторинг жүргізу және жедел әрекет ету шараларын қабылдау;

  • көрсеткіштердің төмендеуіне жол бермеу үшін өңірлер қауіптерінің картасын анықтау;

  • азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларының жұмысын жандандыру;

  • мемлекеттік ұйымдардың, ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында жергілікті өндірушілердің қатысуын көбейту бойынша шараларды күшейту;

  • жағдайдың жедел мониторингін қамтамасыз ете отырып, еңбек нарығындағы тұрақтылық мәселесін ерекше бақылау;

  • инвестициялық жобалар пулын іске асыру үшін нақты шаралар қабылдау;

  • әлеуметтік шығыстар мен шағын және орта бизнесті қолдайтын шығыстарды басым қаржыландыруды қамтамасыз ету.

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев сыртқы экономикалық конъюнктураның өзгерістерін ескере отырып, қазіргі таңда өнеркәсіптегі жағдайды тұрақтандыру үшін Үкімет мыналарға бағытталған шұғыл шаралар пакетін қабылдағанын айтты:

  • жұмыс орындарын сақтау;

  • ішкі нарыққа бағытталған жаңа өндірістерді дамыту (импортты алмастыру);

  • қазіргі сауда ағындарын сақтау үшін баламалы өткізу нарықтарын іздестіру.

Сонымен қатар «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру аясында отандық кәсіпорындарды тауарларды жеткізу, жұмыстар мен қызметтерді ұсынуға барынша тартуға баса назар аударылады, бұл құрылыс материалдарын өндіру, металлургия, химия және басқа да жақын секторларда кәсіпорындардың жүктемесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2020 жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында келесі жұмыстар көзделген:

  • тұрғын үйді пайдалануға беру — 15 млн шаршы м;

  • жолдарды жөндеу және салу — 2,6 мың шақырым республикалық маңыздағы, 4,3 мың шақырым жергілікті желі.

Аталған шараларды іске асыру есебінен отандық жеткізілімдер үлесін 95% дейін ұлғайту көзделген.

Қ. Өскенбаевтың айтуынша, металлургия өнеркәсібінде аса жоғары бөліністі тауарлар өндірісін ұйымдастыруға бағытталған шаралар қабылданатын болады:

  • өткізудің баламалы нарықтарын іздеу;

  • жоғарғы қосылған құны бар өнімдер өндірісін дамыту;

  • мұнай компанияларының отандық өндірушілерден құбырларды сатып алуы;

  • стратегиялық инвесторларды тарту.

«Химия өнеркәсібінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тек отандық өндірістің минералдық тыңайтқыштарының құнын субсидиялау, лак-бояу саласын дамыту, құрылыс материалдарын өндіру және басқа да жақын салаларды дамыту үшін шикізат өндіруге дайын сала кәсіпорындары үшін мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу, жарылғыш заттарды өндірушілер, өнеркәсіптік химикаттарды отандық өндірушілер арасында ұлттық компаниялармен, жүйе құраушы кәсіпорындармен, жер қойнауын пайдаланушылармен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу мүмкіндігін пысықтау арқылы отандық кәсіпорындарды қолдау көзделген», — деді ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев.

Машина жасауда мынадай жүйелі шаралар қолға алынатын болады:

  • Сұранысты ынталандыру құралдары арқылы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қолдау күшейтіледі;

  • Өңірлік серіктестердің бірқатар тауарларға импорттық баж салығын төмендету, сондай-ақ қазақстандық тауарлар үшін басқа да бөгеу шараларын алу мәселесін үкіметаралық талқылауға шығару;

  • Отандық өнімді реттелетін сатып алулар арқылы ілгерілету;

  • Отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу кезінде шаруаларды субсидиялаудың басым шарттарын қамтамасыз ету және т. б.

Фармацевтика өнеркәсібінде келесі шаралар қабылданады:

  • СК Фармация арқылы ТМККК қазақстандық өндірістерін сатып алу үлесін арттыру (төсек-орын жабдығы, медициналық халаттар және т. б.);

  • Өмірлік қажетті және маңызды дәрілік препараттар тізбесіне енгізілген дәрілік заттардың құнын субсидиялау.

Жалпы, өнеркәсіптегі жағдайды тұрақтандыру мәселелері Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің тұрақты бақылауында. Сыртқы экономикалық конъюнктурадағы жағдайлардың одан әрі өзгеруінің алдын алу үшін жедел және стратегиялық сипаттағы іс-шаралар белсенді қабылдануда.

primeminister.kz сайтынан

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.