• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қаңтар 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Депутат Көксайдың мәселесін көтерді

25.02.2020
0

Депутат болып жүрген азаматтың барлығы бірдей мандаттың жауапкершілігін сезініп жүр деп айту қисынға келмес. Бірі жеке кәсібінің мүддесін көздесе, бірі аброй-атақ үшін сайланады. Бірақ, елдің шын қамын ойлап, жоғын жоқтап жүргендердің де еңбегін айтпай кетуге болмас. Солардың қатарында Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Еркін Сатқанбаев бар. Халық қалаулысы мегаполистің Көксай елді мекеніне барып, сайлаушыларымен кездесіп қайтты.

15 жылдан бері Шымкент қалалық мәслихатының депутаты болып келе жатқан Еркін Сатқанбаев елге сыйлы ерен еңбек иесі. Еңбек кітапшасының соңғы 16 жылында №2 кәсіптік лицейдің директоры болып, содан зейнетке шықты. Бірақ, ел ағасы қоғамнан қол үзбей, халықтың қамын күйттеп жүр. Еңбекші ауданына қарасты №13 сайлау округінен сайланған халық қалаулысы Көксай 2, Көсай 3 елді мекенінің тұрғындарын жиып, кездесу өткізді. Жергілікті ауданның әкімі, учаскелік полиция мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері қатысқан бұл жиында парақтап баяндама оқылмады, жарыссөзге жазылғандар байқалмады. Есесіне тұрғындар мегаполистің даму қарқыны туралы емін-еркін пікір алмасуға мүмкіндік алды.

Бұрын Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатында депутат, сосын Ордабасы ауданының әкімі болған Еркін Тұрниязұлы биліктің қыр-сырын жақсы біледі. Тәжірибелі азаматтың байыпты әңгімесі жиылған жұртты өзіне елітті білем, барлығы ұйып тыңдады. Ел ағасы Шымкент қаласында атқарылып жатқан тірлікті сараптай келе, өз өмірінен түйген ойларын мысалға келтіріп өтті.

Бұл басқосудың №31 жалпы орта мектепте өткені тегін емес. Бір кездері тозығы жетіп, басшылыққа қатысты арыз-шағымы көп білім ұясы болатын. Қазір алтын ұя бюджеттен бөлінген қаржының арқасында әлде қайда жақсарған. «Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы» — деген нақыл сөзге сүйенген Сатқанбаевтан кейін Еңбекші ауданының әкімі сөз алды. Ғалымжан Ильясов жоспарсыз салынған үйлердің егесіне ескерту жасап, Көксайдың ең үлкен мәселесіне тоқталды.

Тұрғындар арасында «Зеленая балка» деп атап кеткен бұл елді мекеннің көшелері өте тар. Жаман айтпай, жақсы жоқ. Егерде өрт, су тасқыны орын алса төтенше жағдайдың көлігі кіру мүмкін емес. Сондықтан жоспарсыз салынған үйлер болашақта бұзылады деген болжам бар. Еңбекші ауданының әкімі тұрғындар алдында қайта есеп беріп, сөз құдыретін түсінген кісіге ой салды.

Шымкент қаласының тұрғындарын мәдениетке шақырған кездесуде сұрақта аз болмады. Көксай елді мекенінің белсенді тұрғындары мен мұғалімдер ойларын сан-саққа жүгірткен мәселені айтты. Баспана кезегінде тұрғандарды үй мазаласа, ұл-қызы өскен шаңырақты арақ-шарап сататын дүкендердің жүгенсіздігі шаршатқан.

Еңбекші ауданы атына заты сай. Бұл мекенде тұратын халық еңбекқор дейді депутат Еркін Тұрниязұлы. Сондықтан балық бермей, қармақ берудің жолдары айтылған кездесу мағыналы да, мәнді өрбіді. Еңбекші ауданында «Нұр Отан» партиясынан сайланған төрт депутат бар. Соның бірі — Сатқанбаев ұйытқы болған кездесу соңында тұрғындар арыз-шағымын жазып, билік өкілдерінің қолына ұстатты. Көтерілген сұрақтар қалалық мәслихаттың отырысында талқыға түсіп, заң аясындағы мәселе бюджетке ұсынылмақ.

«Айғақ-ақпарат»

 

 

 

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласы мәслихатының 30-шы сессиясында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал ететін маңызды мәселелер қаралды. Сессияда кәсіпкерлікті қолдау, салық саясатын жетілдіру,...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Айғақ медиа
04.12.2025
0

Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды. Светлана Жақыпова:  халықты жұмыспен қамту...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.