ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ
Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...
Жазушы Мұхтар Әуезов «Шаянға барсаң әншімін деме» деп баға берген Бәйдібек ауданы өнермен өрісі кеңейген жер. Бірақ, халқының әлеуметтік жағдайы Түркістан облысындағы өзге аудандармен салыстырғанда кенжелеп келді. Өйткені, айтарлықтай кәсіпорын жоқ болғандықтан жұмыс көзі де тапшы. Осыған қарамастан жергілікті тұрғындарының пейілі дархан даладай. Мұны арыз-шағымы аз тұсынан-ақ байқауға болады. Есептік кездесуге жиналғандардың жүзіне қарасаңыз мерекелік кешке келгендей шаттанып жүр. Емен-жарқын, арқа-жарқа отырып аудан әкімінің өткен жылы атқарған шаруасына құлақ түрді.

Бәйдібек ауданын тарихында талай басшы тізгіндеген. Ал, Бақытбек Танагөзов он үшінші әкім. 2016 жылдың қазан айынан бері ауданды басқарып келе жатқан азамат биылғы жылдың мамыр айында зейнетке шығады. Созақ ауданының тумасы экономист мамандығын игеріп, комсомол партия комитетінде ысылған басшы. Сайрам, Түлкібас аудандарында әкімнің орынбасары болған. Мемлекеттік қызметте абройына нұқсан келмеген Бақытбек Төленұлы туралы Бәйдібек ауданына барып біреу-міреуден сұрай қалсаңыз көркем мінезін айтады. Қарапайым азаматтың есептік кездесуінен сабырлықты байқадық. Қойылып жатқан сұрақтарды байыппен тыңдап, жауабын терең талдап айтты.
Бәйдібек ауданында 887 шақырым жол бар. Өткен жылы ауданнан шығатын күре жолдарға Шолаққорған, Бәйдібек ата, Боралдай бағытындағы трассалар жөндеуден өтті. Ал, биылғы жылы Шаян мен Екпінді бағытындағы жол аяқталып, елді мекендердің ішкі көшелері жаңарады деп күтілуде.Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...
Түркістан облысында төрт жастағы Әли Адамбек мектеп табалдырығын аттап, бастауыш сынып бағдарламасын меңгеріп үлгерген. Құрдастары әріп танып жүргенде, ол күрделі...
Таразда жол ережесін бұзбаған бірнеше жүргізуші заңсыз айыппұл төлеп келген.Тексеріс Сүлейменов көшесінде орнатылған 40 км/сағ жылдамдық шектеу белгісінен басталды.Камералар жылдамдықты...
“10 сиыр мен бір жылқы бар”: Семейде әкімдік тұрғындар ауылға көшу үшін 1,5 миллион теңге ұсынуда.Семейде “Қаладан – ауылға” атты...
Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында Әлем кубогының кезеңі басталды. Халықаралық турнирдің алғашқы күні Қазақстан құрамасы төрт алтын медаль...
Енді қазақстандықтар қалаған күні көлігімен көшеге шыға алмайды. Мемлекеттік нөмірдің соңғы цифры 9 болса сіз 2-сі, 4-і, 16-сы сияқты даталарда...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.