• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қаңтар 8, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Телғараевтың төрт жылдағы тірлігі…

08.02.2020
1

Қазығұрт десе, көз алдымызға бірден шыңында кемесі бар тау елестейтіні анық. Пайғамбардың кемесі қалған қасиетті тау әлемде санаулы ғана. Ілеуде біреудің басында болатын бақ біздің елде бар. Қиял-ғажайып аңыздарға толы мекенді 2016 жылдың сәуір айынан бастап Төлеген Телғараев басқарып келеді. Түлкібас ауданының тумасы Қазығұрт аймағының төрт жылда жоғын түгендеп, барын бағамдай алды ма? Сұраққа жауап қорытынды есептік кездесуде табылды.

Ташкент-Шымкент-Самара тас жолының бойындағы Қазығұрт ауданында 110 мың халық тұрады. Жаратқанның мейірімі түсіп, шапағатын шашқан мекен соңғы төрт жылда әлеуметтік мәселесін шешуге белсене кірісіпті. Таза су бойынша арыз-шағымын арқалап жүретін тұрғындар саны азая бастаған. Өйткені, жергілікті билік 2021 жылға дейін 61 елді мекенді таза сумен және табиғи отынмен қамту қажет деп, жоспарлы жұмыс жүріп жатыр. Нәтижесі қуантарлық. Белгіленген уақыттан бір минут кешікпей басталған аудан әкімінің қорытынды есептік кездесуінде осындай жаңалықтар айтылып, халықтың жүрегіне жол табатын баяндама жасалды.

Мамандығы инженер-механик, экономист-қаржыгер Төлеген Тұртайұлы мемлекеттік қызметте 1997 жылдан бері келеді. Облыстың қаржы басқармасында 20 жылдай тәжірибе жинаған Телғараев бюджеттің қаржысын қалай жұмсауды меңгерген әкім. «А» корпусының кадрлық резервінен өтіп, Қазығұрт ауданына келген бойда кезек күтпей тұрған мәселені қолға алыпты. Ішкі жолдарды жөндеп, инфрақұрылымды ретке келтірген. Жыл сайын 5-6 мектептің құрылысы жүретін Қазығұрт ауданындағы жұмыстар баяндалғанда тұрғындардың көңілі тоқ отырды.

Ауданның басты даму бағыты – ауыл шаруашылығы. Сондықтан, бұл аймақ көш ілгері жүріп, өткен жылы жетістіктерімен көзге түсті. Аты дардай алып кәсіпорын болмаса да, шағын және орта бизнестің арқасында Қазығұрттың қазынасына түсетін салық кем емес орындалып жүр. Бір жылдағы цифрлық оң өзгерістерді мәлімдеген әкім қағазға шұқшиып қарамай, жиылған жұртты қарата білді. Есептік кездесуде айтылатын сындар сап тиылған тәрізді. Бұдан әлеуметтік мәселенің азайып жатқанын ұқтық. Керісінше, сексеннен асып, тоқсанға таяған қариялар батамен биліктің өкілдеріне қанат бітіріп, алғыс айтты.

«Көп ойлап, жақсы сөйле нұсқа болсын, қайтарар жауабың да қысқа болсын» — деп Жүсіп Баласағұни айтқан тәлім-тәрбиеге қатысты ой есептік кездесуде еске түсті. Өйткені, жиналыста баяндама да, сұрақтар да қысқа-нұсқа. Тұрғындармен жиі кездесіп тұратын әкімнің есігі ашық екені байқалады. Бір сыдырғы мінезімен, қойылған сауалдарға байыпты жауап айтқан Төлеген Телғараевқа жұрт қанағаттанарлық деген баға беріп жатты. Өткен жылды түйіндеген бұл басқосуға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев қатысып, жерлестерімен қауышқанына қуанышты екенін жеткізді.

Облыс әкімінің орынбасары Ұлан Қалмұханұлы жастық шағында есінде қалған Қазығұрт ауданының тыныс-тіршілігін еске түсірді. Осыдан жиырма жыл бұрын әлеуметтік проблемасы шаш етектен болатын аймақтың әлеуеті жақсарғанына көз жеткізіп, түйген ойымен мінберде тұрып еркін бөлісті. Рухани аймақтан келген биліктің жауапты өкіліне сұрақтар қойылып, орайлы сәтті пайдаланғандар жауап алып үлгерді.

«Ағайын-туған не керек – аңдысып күні өткен соң» — деп еліміз текке айтпаған. Қазығұрт ауданының тұрғындары бір ымыраға келіп, жиынды бір сағаттың көлемінде аяқтады. Сәтін салса, межелеген жоспарға жетем деген Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев жиылған жұртқа алғыс айтып, біріксек алынбас қамал жоқ деп тарқасты.

«Айғақ-Ақпарат»

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.