Павлодар облысының экология департаментін Ильяс Құрамысов басқаратын болды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Айғақ-Ақпарат» тілшісі хабарлайды.
Ильяс Шойбекұлы 1984 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша заңгер, экономист. Еңбек жолын 2004 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасында басқарма маманы қызметінен бастаған. 2005-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокурорының көмекшісі, Алматы облысы Талдықорған қаласы прокурорының көмекшісі, Алматы облысы прокуратурасының мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры, Алматы облысы прокурорының аға көмекшісі, Қазақстан Республикасы Бас Прокурордың көмекшісі, Астана қаласы прокуратурасы Аппаратының басшысы, «Самрұқ Энерго» АҚ «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС бас директоры, Павлодар облысы прокурорының аға көмекшісі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты мемлекеттік құқықтық бөлім басшысы, ОҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметін атқарған. Осы уақытқа дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кеңесшісі лауазымында еңбек етті.
Ильяс Шойбекұлының жаңа қызметінде сәттілік тілейміз!