Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы ақпараттық ресурстар және БАҚ мониторингі бөлімінің басшысы болып Бейсенова Балғын Ерболқызы тағайындалды.
Бейсенова Балғын Ерболқызы — 1987 жылы ШҚО, Үржар ауданында дүниеге келген.
Білімі – жоғары, қазақ филологиясы мамандығын бітірген. Алғашқы еңбек жолын Қазақстан ТРК «Қазақ радиосында редактор-жүргізуші ретінде бастаған ол әр жылдары Астана қалалық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру бөлімінде, «Хабар» арнасының жаңалықтар қызметінде жұмыс істеген.
2018 жылдан Түркістан облысы Ішкі саясат басқармасы Ақпараттық талдау орталығында бас маман, облыстық қоғамдық даму басқармасының Ақпараттық ресурстар және БАҚ мониторингі бөлімінде қызмет етті.
ҚР Құрмет грамотасымен марапатталған.