• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Наурыз 28, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Қазақстан Президенті Біріккен Араб Әмірліктерінің бизнес өкілдері қатысқан жиында сөз сөйледі

28.01.2020
0

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің іскер топтары өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде Қазақстанның экономикалық және инвестициялық әлеуеті туралы айтты.

Мемлекет басшысы ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша екі елдің айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті. Президенттің айтуынша, екіжақты күн тәртібі өзара тиімді жобалармен және бастамалармен үнемі толықтырылып отырады. Мемлекетаралық қарым-қатынастардың деңгейін жан-жақты қамтылған стратегиялық серіктестік ретінде сипаттауға болады.

– 2019 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығында өзара тауар айналымы 2018 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 10,3 пайызға  артып, 500 миллион доллар болды. Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға тартылған тікелей инвестиция көлемі 2,1 миллиард долларға, ал Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріне құйған инвестициясы бір миллиард долларға жетті. Қазақстанда Біріккен Араб Әмірліктерінің 350-ге жуық заңды тұлғалары, филиалдары мен өкілдіктері табысты жұмыс істейді. Бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөнінде құны 11 миллиард доллар болатын ауқымды жоспарымыз бар, – деді Президент.

Мемлекет басшысы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін Қазақстан мен Әмірліктердің әлеуеті зор екеніне және бүгінгі жоғары деңгейдегі кездесулер жаңа мүмкіндіктер мен перспективаларға жол ашатынына сенім білдірді.

–  Қазіргі уақытта Атырау облысында полипропилен өндірісі үшін құны 6,6 миллиард доллар болатын мұнай-химия кешенін салу жобасын іске асыру үшін «Мубадала» инвестициялық компаниясымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Қазақстан экономикада қайта өңдеу өнеркәсібі мен индустриялық даму ісіне зор көңіл бөліп отыр. Бұл бірлескен жобамыздың жақсы үлгісі бола алатынын көрсетеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент өз сөзінде Біріккен Араб Әмірліктері бизнесмендерінің назарын ашылып жатқан ауыл шаруашылығы кооперациясындағы зор перспективаларға аударды. Мемлекет басшысының пікірінше, Қазақстан органикалық және экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін араб нарығына жеткізу үшін жер, технология, логистика жағынан жақсы мүмкіндіктерге ие. Сонымен қатар халал өнімдерді, мал еті мен құс етін өндіру, майлы дақылдарды қайта өңдеу жөніндегі бірлескен жобалар үлкен қызығушылық туғызады. Бүгінде Біріккен Араб Әмірліктері – Қазақстаннан келетін туристер үшін алғашқы бестікке кіретін ең танымал бағыттардың бірі. Мемлекет басшысы еліміздің өз азаматтарын тек демалу үшін жіберуге ғана емес, сондай-ақ, Әмірліктерден туристер тартуға ниетті екенін жеткізді. Осыған байланысты Қазақстан араб бизнесінің көмегіне үміт артады.

– Біз туризмді жұмыс орындарын ашатын әрі экономиканы әртараптандыруға ықпал ететін маңызды саланың бірі деп санаймыз. Екінші жағынан, БАӘ көп жылдан бері әлемдік туристік нарықта мойындалған көшбасшы саналады. Сіздердің компанияларыңыздың тиісті білімі, тәжірибесі мен ресурсы бар. Осыған байланысты сіздерді Қазақстанда туристік бағытты бірлесе дамыту үшін және осы саланы, шын мәнінде, халықаралық деңгейге көтеру үшін шақыруға ниеттіміз, – деді Президент.

Қаржы саласы – елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыты. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Әмірліктердің ірі банк және инвестициялық институттарымен тығыз ықпалдастық орнатқан. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Орталық Азия мен Еуразия кеңістігіндегі  ислам қаржылық қызмет көрсету хабы ретінде өз әлеуетін күшейтуде.

– «Астана» халықаралық қаржы орталығы ұлттық мұнай-газ компаниясы, темір жолдар, телекоммуникациялық компаниялар және басқа да кәсіпорындар сияқты  ірі мемлекеттік стратегиялық активтерімізді IPO-ға шығаратын орын болады. Біз «Abu-Dhabi Investment Authority» және «Mubadala» сияқты компанияларды жекелеген корпорациялар мен әл-ауқат қорларын жекешелендіру бағдарламасына қатысуға шақырамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесмендерге арнаған сөзінде.

Оның айтуынша, екіжақты экономикалық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту үшін жақсы база бола алатын, кен өндіру өнеркәсібі, металлургия, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, логистика, туризм және басқа да салалар бойынша  құны шамамен 40 миллиард доллар болатын инвестициялық ұсыныстар әзірленді.

Сонымен қатар Президент білім және ғылым саласындағы өзара ықпалдастықтың маңызы зор екенін атап өтіп, білім саласында жүзеге асырылып жатқан бірлескен жобаларға тоқталды.

Дөңгелек үстелде «Abu Dhabi Global Market» еркін экономикалық аймағы Директорлар кеңесінің төрағасы, Мемлекеттік министр Ахмед Али Әл Сайих, «LuLu» гипермаркеттер  желісінің негізін қалаушы М.А. Юсуф Али, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов, «SABIS» Emirates Kazakhstan Education Investment Group» білім желісінің акционері Халед Әл-Кинди, «International Community School» мекемесінің басқарушы директоры Мұхаммед Әл Шамма және басқа да Біріккен Араб Әмірліктері бизнес топтарының өкілдері сөз сөйледі.

АҚОРДА

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

⚡️Түркістан төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. Салтанатты рәсімде...

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Шымкентте А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябақ аумағында келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды жоба сәтті жүзеге асырылды. Жасанды көл маңындағы...

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

 Шымкентте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын форматтағы отырысы өтті. Оған Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин,...

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.