• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қыркүйек 14, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Дариға Назарбаева ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесті

25.01.2020
0

Сенатта парламенттік тыңдауларға дайындық аясында ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесулер өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің, Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау жөніндегі комитетінің өкілдерімен, Ақмола, Қарағанды және Түркістан облыстардың ветеринария және ауыл шаруашылығы басқармалардың басшыларымен кездесті. 

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов өз сөзінде ауыл шаруашылығы саласының статистикалық деректері тауар өндірушілердің үш санаты негізінде қалыптасатынын айтты. Олардың қатарында шаруа немесе фермер қожалықтары, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен жұртшылық шаруашылықтары бар.

Мекеме басшысы мал шаруашылығындағы статистикалық есептің қиындығын атап өтті. Оның айтуынша, мал есебін жүргізу рәсімдері пысықтау қажет етеді және онда ауыл шаруашылығы малына чип пайдалану арқылы жеке нөмір беру мен жеке деректер базасына енгізу әрі ветеринариялық паспорт беру болуы тиіс. «Бұл чиптер әзірше соңғы пайдаланушыға дейін, яғни, ветеринарға дейін жеткенше белгілі бір уақыт өтеді. Осы уақыт ішінде малды екі айналымға жіберуге болады, яғни туғызып, сатып жіберуге болады», — деді Н.Айдапкелов. 

Кездесуде сөз алған ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Арман Өтеғұлов індеттен, оның ішінде түйнемеден өлген малды көметін орындарды күтіп-ұстау, абаттандыру және салуды ұйымдастыру үшін қаржы бөлу мәселелерін жергілікті атқарушы органдар тиісті түрде шешпей келе жатқанын атап өтті.

А.Өтеғұловтың айтуынша, ветеринариялық станциялар мен пункттерде ветеринар мамандарының штаттық саны мен іс жүзінде қажеттілікке сәйкес келмейді, оларды кадрмен қамтамасыз ету маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Мекеме басшысы санитарлық, ветеринарлық-санитарлық және фитосанитарлық карантин шараларын қолдануда мемлекеттік органдардың келіспеушіліктері туралы да айтты.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы сала жұмысының жағдайын жақсарту туралы бірқатар ұсыныстарын ортаға салды. Малға арналған дәрі-дәрмекті жеткізуде кідірістің болмауы үшін ветеринариялық препараттарды үш жылдық кезеңге сатып алу; эпизоотия және панзоотия, мал ұрлығы және заңсыз орын алмастыру жағдайларын анықтау мақсатында ветеринариялық полиция құруды; мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға бірыңғай киім үлгісін енгізуді ұсынды.

«Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» серіктестігінің Бас директоры Ахметжан Сұлтанов ауыл шаруашылығындағы өндіріс тізбегінің барлық сатыларында сандық технологияларды қолданудың ерекше рөлін атап өтті. Мәселен, А.Сұлтанов малды сою барысында оның деректері автоматты түрде мәліметтер базасынан алынып тасталатын болады.

Дариға Назарбаева талқылау кезінде агроөнеркәсіп кешенінде сандық технологияларды жаппай қолдану және малға бирка салу кезінде оны фермерлердің кеңінен пайдалануын ынталандыру, сондай-ақ ғарыштық мониторинг жүйесін пайдалану қажеттігіне қолдау білдірді. «Біз бәсекеге қабілеттілікті жоғалтып бара жатырмыз. Бүгін бізге жылдамдық қажет, ал цифрландыру оған мүмкіндік беріп отыр. Егер шын мәнінде, барлық күшті осыған салғанда өте тез әрі қысқа мерзімде атқаруға болады. Қызықтыру керек», — деді Д.Назарбаева.

Кездесу барысында Қарағанды облысының ветеринария басқармасының басшысы Қайырбек Тұрсынбеков мал дәрігерлері шалғай ауылдарда тап болатын қиындықтар туралы айтып берді. Қ.Тұрсынбековтің пікірінше, оған  еңбекақының аздығы, білікті мамандардың жетіспеуі, стандартты ветеринариялық станциялар мен қызмет көліктерінің болмауы жатады. Ол осыған байланысты «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ветстанциялар мен аурудан өлген малды көметін орындар салуға республикалық бюджеттен қаржы қарастыруды және ауыл шаруашылығы жануарларын есепке қою ережесін мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізуді ұсынды.

Қайырбек Тұрсынбеков иесіз мысық пен иттерді аулауға ресурстардың жетімсіздігіне ерекше назар аударды. Ол ветеринариялық қызметтер жұмысының көптігіне байланысты жануарларды аулау мен ұстау мәселелеріне назар аударуға әрқашан үлгере бермейтінін атап өтті.

Сенат басшысы қалыптасқан жағдайдың шешімі ретінде салалық минстрлік тарапынан қолдау көрсетуді ұсынды. «Кейбір қалаларда жеке тұлғалар өз қаражаты есебінен мысық пен итке арналған осындай ветеринариялық пункт ашып отыр. Ол жұмыспен қоғамдық бірлестіктер, еріктілер, жануарларды жақсы көретіндер айналысады. Бірақ ылғи қол жайып сұрап жүреді. Мүмкін, оларға Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан шағын қолдау қажет шығар? Оларда инфрақұрылым бар ғой», — деді Д.Назарбаева.

Дариға Назарбаева кездесудің қорытындысы бойынша Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетіне шараға қатысушылар қозғаған проблемалық тақырыптарды зерделеуді және оларды парламенттік тыңдауларда талқылауға дайындауды тапсырды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

Айғақ медиа
11.09.2025
0

Бесінші қыркүйек түні патрульдеу кезінде шымкенттік полиция инспекторлары Ерсұлтан Өмірзақов пен Рахат Мырзабеков өздерінің қырағылығы мен батыл қимылының арқасында үлкен...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ШЫМКЕНТТЕН АЛҒАШҚЫ САРБАЗДАР ОТАН ҚОРҒАУҒА АТТАНДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарындағы бөлімдерге алғашқы шақырылушыларды аттандыруға арналған салтанатты рәсім өтті. Еліміздің болашағын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рахымов есімін иеленген әскери колледждің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі,...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ШЫМКЕНТ ГАРНИЗОНЫНДА ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Шымкент гарнизонына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әскери бөлімдер мен мекемелердің қызметін, инфрақұрылымын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ЕСІРТКІ ЖЕТКІЗУ АРНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері ірі көлемдегі синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Қоғамда «Заң мен тәртіп»...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

КЕЗЕКТІ  «ЖАС САҚШЫ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепте жаңа «Жас сақшы» кадет сыныбының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа сыныпқа қызмет бабында ерлікпен қаза...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.