ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...
Басын изеп тұрғындарға сәлем беріп жайғасқан қала әкімі баяндаманы ден қойып тыңдады. Осыдан кейін тұрғындар сұрақтың көкесін танытып, тыңдар құлаққа алтын сырға деп жатты. Орайлы сәтті орынды пайдаланған тұрғындар жеке бастың қамын күйттемей, толғандырып жүрген өзекті жәйтті ақтарды. ТМД-ның мәдени астанасы болған аймақтың халқы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Кеңес Одағының батырларына көңіл бөлінсе екен — дейді. Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов қаһармандардың есімі берілген көшелердің құлазып, жетімсіреп тұрғаны ұлы даланың ұрпағына сын.
Қаһармандардың есімі берілген көшелерге биыл көңіл бөлінсе құптарлық. Біріншіден бұл жеңісті жақындатқан батырларға көрсетілген құрмет, екіншіден 75 жылдыққа тарту болар еді. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңдағы 35-бапта қала, аудан, кент, ауыл әкімдері азаматтардың өтініштерін қарап, тиісті шаралар қолдану керектігі жазылған. Және әкімдердің міндетіне тазалық жұмыстарын ұйымдастыру да кіреді. Заң шеңберіндегі сол шаруаларды тұрғындар қайта еске салды.
Қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастыру да әкімдердің құзыретіндегі жұмыс. Жиынға мән берсек халықтың көпшілігі осы қоғамдық көлікке қатысты сын айтты. Сұрақ қойған бір емес, бірнеше тұрғын бұл күні жазбаша арыздарын Мұрат Әйтеновтың қолына тапсырды. Өзге қызметкерлерге сенбеген халық бұл іс-әрекетімен жаңа басшыға үлкен сенім артып отырғандығын аңғартты.
Әу, бастан мемлекеттік билік тармағы мен дін саласы егіз ұғым деуге келмейді. Алайда, мешітте уағыз айтып, ізігілікке жол сілтейтін имамдардың әкім есептерінде сағаттап отырғаны орынсыз сияқты. Діни қызметкер есеппен бас қатырғанша, дұрысы өз жұмысын жүйелегені абзалырақ. Өйткені, дін саласының көтерген жүгі де жеңіл емес. Бұл бағытта да мәселе шаш етектен. Тұрғындар осы жәйтті жаңа әкім қаперіне ұсынды.
Түрлі мәселеден шаршаған тұрғындардың кейбірі ашуға беріліп жатты. «Қалауың тапсаң, қара жанар» — дейді. Абай ауданының тұрғындары көтерген шағымдарды қаланың әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы қарап шығуға сөз берді. Жақсы сөз — шаршағанға медет, адасқанға жол, қаяу түскен көңілге дауа емес пе? Жиылған жұртта жаңа әкімнің ісіне сәттілік тілеп, құттықтап жатты.Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...
Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...
Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...
⚡️Түркістан төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. Салтанатты рәсімде...
Шымкентте А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябақ аумағында келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды жоба сәтті жүзеге асырылды. Жасанды көл маңындағы...
Шымкентте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын форматтағы отырысы өтті. Оған Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин,...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.