• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Желтоқсан 26, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ТАРАЗ: Облыстық тарихи-өлкетану музейі

25.12.2019
0

​​Облыстық тарихи-өлкетану музейі – «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде бой көтерген басты нысандардың бірі.  Мұнда бұған дейін Тараз қаласының орталық алаңындағы ыңғайсыз ғимаратта  орналасқан музей толығымен көшірілді. Музей ғимараты 2 қабаттан тұрады. Жалпы аумағы 4015 шаршы метрді құрайды. Музей экспозициясы төрт залдан тұрады: «Тарихқа дейінгі кезең залы», «Тараз қаласының тарихы», «Қазақ халқының этнографиясы», «Әулиеата кезеңі». Экспозицияларда Жамбыл облысының ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихы көрсетілген. Музей қорында 65 мыңнан астам бірегей және құнды жәдігерлер сақталған. Олар: тарихи, археологиялық коллекциялар, нумизматика, тарихи-тұрмыстық заттар, қолжазбалар мен баспа құжаттары, бейнелеу және сәндік өнер туындылары және т. б.

Айталық, «Тарихқа дейінгі кезең залында» неолит дәуірінде егіншілік пайда болғандығын дәлелдейтін қола орақ, 1950 жылы Қордай ауданынан  табылған Сақ тайпасының дулығасы, Алматы облысы, Есік аумағынан табылған «Алтын адамның» көшірмесі, 1960 жылы Талас ауданы, Билікөл жерінен табылған Ұмай ананың тасқа қашалынған бейнесі, VI-XIII ғасырларға жатқызылатынын облыс аумағынан табылған Балбал тастар және өзге де көптеген жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылған.

​Ал «Тараз қаласының тарихы» залында Тараз қаласының іргетасы қаланған сәттен бергі кезең қамтылған.  Залдағы паннода Тараз қаласының негізін салушы Ғұн патшасы Шаньюй Чжи-чжи бейнесі бейнеленген. Ол б.з.д. 38 жылдары Тараз қаласының іргетасын қалаушы ретінде белгілі.  Паннода 2 жыл ішінде 2 қатарлы мықты қала салған Ғұн патшасының уәзірлері ақ киізге көтеріп хан сайлап жатқан кезі көрсетілген. Өзге де шаһардың қалыптасу тарихына қатысты мәліметтер мен деректер осы бөлімнен табылады.

Сондай-ақ музейдегі үлкен жаңалықтың бірі — заманауи инновациялық технология, лазер арқылы жасалған, суреттерді көрсететін голограмма. Голограммаға облысымыздың тарихи —архитектуралық ескерткіштері виртуалды түрде көрсетіледі. Келушілер іс жүзінде 3D форматтағы голографиялық шоуды жан-жағынан тамашалай алады.

Музейдің бір қабырғасында «Құрметті азамат» атағының берілу ережесі көрсетілген. Сондай-ақ сенсорлы киоскіде Жамбыл облысының Құрметті азаматтарының  тізімі, олар туралы мәліметтер енгізілген. Мұнда өлкеміздің бай табиғи мұрасымен қатар, түрлі қазба байлықтары, тарихи бұйымдар орын алған. Музейге келушілер Жамбыл облысының тарихымен, археологиялық қазбалар кезінде табылған бірегей жәдігерлерімен танысып,  өлке тарихы және даңқты тұлғалары жайлы мол мағлұмат ала алады.  Осы мақсатта музейге келушілерге екі тілде (қазақ, орыс), шетелден келген туристерге (ағылшын) тілдерінде шолу, тақырыптық экскурсиялар жүргізіледі. 

Музейде тақырыптық тұрақты немесе жылжымалы көрмелер ұйымдастырылады. Сондай-ақ жасөспірімдердің, мектеп оқушыларының қатысуымен  музейде интерактивті іс-шаралар, музей сабақтары,  дәрістер, кездесулер, шеберлік сағаттар  және т.б. өткізіледі. Ғылыми-әдістемелік бөлімнің қызметкерлері археологиялық жұмыстар жүргізіп, түрлі ғылыми жобалармен айналысатын болады.  Бас мердігер – «Өмірзақ» ЖШС. Ғимарат екі қабатта тұрады. Шатырына бір үлкен, екі шағын аспан түстес күмбез орнатылған.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласы мәслихатының 30-шы сессиясында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал ететін маңызды мәселелер қаралды. Сессияда кәсіпкерлікті қолдау, салық саясатын жетілдіру,...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Айғақ медиа
04.12.2025
0

Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды. Светлана Жақыпова:  халықты жұмыспен қамту...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.