• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Мамыр 18, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Тәуелсіздікте туылған талантты тәртіп сақшысы

12.12.2019
0

«Отбасы деген әрбір адам үшін, ең жақын орта. Мен өз отбасымды құрметтеуді асқарым әкешімнен үйрендім. Ол кісі қайда жүрсе де отбасын бірінші орынға қоятын. Әкемнің осы бір жақсы қасиеті маған көбірек дарыған секілді. Мен де дәл солай әйеліммен қосақтасып, бірге ақылдасып шешім қабылдап, отбасымды бәрінен де жоғары қоямын. Екеуміз де полиция қызметкеріміз. Менің әкем ішкі істер органдары саласында қызмет атқарған, бүгінгі таңда зейнетке шыққан полицей. Жұбайым екеуміз сол әкеміздің жолын жалғап, елімізге барынша адал қызметімізді арнап келеміз. Өздеріңіз білесіздер біздің салада уақыт тапшы. Алайда сүйген жарыңа үйленіп, шаңырақ көтергеннен соң жауапкершілікті сезініп, отбасын айрандай ұйытып отыру отағасына, соның соңғы болып қабылдайтын шешіміне байланысты деп ойлаймын», — дейді 3 баланың әкесі, Жетісай аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Азамат Сағдатұлы.

Жалпы бүгінгі сіздерге таныстырғалы отырған кейіпкерімнің әңгімесіне қарап, оның қандай жан екендігін одан әрі де білгілеріңіз келіп, қызығушылықтарыңыз артып отырған болар. Ендеше Азаматтың өмірі жайлы сыр шертуді бастайын.
Салтөреев Азамат Сағдатұлы 1991 жылы ақ мақтаның ордасы Жетісай қаласында полицей отбасында дүниеге келген. Дәл сол жылы егемендігімізді алып, ел еңсесін тіктей бастаған, қазақ үшін ұмытылмас жылдар болып саналған тәтті кезеңде Салтөреев Сағдат пен Үміт Асанованың отбасында екінші бала болып дүниеге келді.
Тәтті Тәуелсіздік таңында дүние дидарын ашқан Азамат мектепте орта білімін алып, ойдағыдай тәмамдағаннан соң шырайлы Шымкент қаласында, онан соң Хакім Абайдың өлкесі Семей қаласында өзінің жоғарғы білімін шыңдай түсті. Заңгер мамандығын ойдағыдай игерген жас жігіт, қызметке орналасып, полицей боламын деген арманын іске асыруға ұмтылады. Осылайша азамат арман қуып Мақтаарал аудандық полиция бөліміне учаскелік полиция инспекторы болып алғашқы қызметіне орналасады. Өз ісін меңгере бастаған уақытта басшылардың ықпалымен одан әрі жоғарылап, Жетісай ауданындағы полиция бөліміне ювеналды полиция тобына жұмысқа ауысады. Осы сәтте небары бір жылдық қызметтік тәжірибесі бар жас полицей өзінің өмірлік жары болатын Динаны кездестіреді. Азамат үшін махаббат қызық мол жылдар басталады. Өзінің ұнатқан аруына жұмыспен қатар жүріп, көңіл бөліп, ақыры бір жылдан соң бақ құсын қолына қондырады.

Осылайша Салтөреевтер әулетінде дүркіреген той өтеді. Дүбірлі тойда «Үлгілі полицейден екінші бір үлгілі полицей шығып, мінеки бүгінде өзі секілді полицей аруды жар етіп отыр. Екеуіңнің де бақыттарың баянды болып, полицей ұл-қыздарды дүниеге әкеле беріңдер деген ізгі тілектер айтылады».
«Жақсы сөз- жарым ырыс» демей ме, дана қазақ. Сол күнгі тілектер орындала бастағандай. Себебі бүгінде ерлі зайыпты полицейлер отбасында екі ұл мен бір қыз дүниеге келіп, атасының, әкесінің жолын жалғағысы келетіндей «өскенде полицей боламын» деген батырлар өсіп келеді.

Азаматтың жары Дина Аубакирова 1992 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Шалақын ауданында өмірге келген. Әкесі секілді полицей болып, форма киюді армандаған қыз өсе келе жоғарғы оқу орындарын заңгер мамандығы бойынша жақсы көрсеткішпен аяқтап, қызметке орналасып, бүгінде жұбайы Азаматпен бірге ішкі істер саласында қызмет етіп келеді. Ерлермен иық тірестіре еңбек етіп, қызметіне жауапкершілікпен қарап, кәсібіне адалдық танытып жүрген ару полицей десек те артық бола қоймас.
«Қызметім өзіме ұнайды. Азамат секілді мен де өз мамандығымды сүйгендіктен қызметіме және осы маман иесі болғаныма еш өкінбеймін. Қиындық кез-келген жерде болады. Әр саланың өз қыр-сыры бар. Сондықтан әйел заты болсам да темірдей тәртіпке етім үйренген. Қайта әйел затымын деп көп еркелемеймін, айттым ба сол сөзімді міндетті түрде орындаймын. Уәдеге берікпін десем де болады.

Ал отбасыма келер болсам. «Әйелдің қырық жаны бар», деп бекер айтылмаған ғой. Сондықтан барлығына үлгеруге тырысамын. Жұмыстан қолым босап қалт ете қалса болды, үйімнің тірлігін жоспарлаймын, балаларымды қадағалаймын. Ал жұмыс аяқталғанда міндетті түрде үйге қарай асығамын, тездетіп тамағымды әзірлеп, ерімнің көңілін табу үшін барымды саламын.», — дейді пысық келіншек Дина.

Тәуелсіздікпен түйдей құрдас Азамат өз іскерлігінің арқасында басшылардың көзіне түсіп, 10-нан астам марапат мадаққа ие болған маман. Азаматтың жұмысы тығыз, бос уақыты аз болса да спортпен шұғылдануға үнемі уақыт табады. Сонымен қатар бүгінде тәжірибесі толысып келе жатқан тәртіп сақшысы өз алдына талантты. Өзіне дарыған актерлік шеберлігінің арқасында республикалық, облыстық жарыстарға қатысып, өзін жан-жақты қырынан көрсетіп, бірнеше мәрте жүлдемен оралған. Ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында болатын «Парасатты полицей» секілді жоғары деңгейлі сайыстарға да белсенді қатысып, тек жоғарғы орындарға ие болған.

Қазақ елі өз Тәуелсіздігіне қаншалықты қиын қыстауларды бастан кешіре отырып, табандылықпен жетіп, елге 28 жыл ішінде аса танымал болып, дамыған елдер қатарына қосылып келе жатса, онымен түйдей құрдас терең ойлы Азамат Сағдатұлы да еліне өз қолынан келгенше еңбек сіңіріп, міндетін мүлтіксіз атқарып, оған қоса жас та болса бас болып демографияға өз үлесін қосып келе жатқан үлгілі полицей.

 Өз кезегімізде біз де осындай ерекше талантты тәртіп сақшысы, өнегелі қызметкер, ардақты отағасына толағай табыс пен ел алдында абыройың асқақтай берсін дегіміз келеді. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз аман болсын!

Гүлнар Абдурахманқызы,

Түркістан облысы Полиция департаменті

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮЗДІК ОҚУШЫЛАРҒА ЖЕКЕ КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Айғақ медиа
16.05.2026
0

Шымкент қаласының Полиция департаментінде «Ұрпақтар сабақтастығы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір буын міндеті» тақырыбында кездесу өтті. Жиынға ардагерлер, құқық...

ҮЗДІК ОҚУШЫЛАРҒА ЖЕКЕ КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

ҮЗДІК ОҚУШЫЛАРҒА ЖЕКЕ КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

Айғақ медиа
16.05.2026
0

Шымкентте 16 жасқа толған үздік оқушыларға алғашқы жеке куәліктері салтанатты түрде табысталды. Ерекше шара Полиция департаментінде өтіп, оған оқу мен...

ҚҰЖАТСЫЗ ҮЙЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

ҚҰЖАТСЫЗ ҮЙЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

Айғақ медиа
15.05.2026
0

Абай ауданында 1644 үйдің құжаты жоқ. Кезінде бұл аумақтарға инженерлік инфрақұрылым желілері де тартылған. Қазіргі таңда арнайы комиссия құрылып, зерделеу...

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА

Айғақ медиа
14.05.2026
0

Шымкентте 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Астана алаңында ұйымдастырылған мерекелік жиынға әскери қызметшілер, Қарулы Күштердің...

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

ТҰРАН АУДАНЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ БҮГІНГІ АХУАЛЫ

Айғақ медиа
14.05.2026
0

Осыдан шамамен бес ай бұрын Тұран ауданына қарасты Айкөл шағын ауданы сапалы ауызсумен толық қамтылды деген ақпарат жарияланған болатын. Алайда...

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

Айғақ медиа
14.05.2026
0

9 мамыр – Ұлы Жеңіске 81 жыл толды. Осыған орай Шымкент қаласында Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өтті....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.