• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Мамыр 18, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды

12.12.2019
0

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін ел азаматтарының үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар.

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, ән өнерін насихаттаудағы ерекше еңбегі үшін Роза Рымбаеваға берілді. Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері»  атағы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – «Жезқазғантүстімет» ӨБ кен өндірістік кешенінің ұңғылаушысы Тұрсынбек Макишевке де берілді.

«Отан» орденімен жазушы И.Жақанов, «Alageum Electric» холдингтік компаниясы бақылау кеңесінің төрағасы С.Қожабаев, Ақтөбе облысы «Казхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры В.Тиль, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі – Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары А.Бисембаев, І дәрежелі «Барыс» орденімен Парламент Мәжілісінің депутаты С.Абдрахманов, ғалым және қоғам қайраткері Ә.Ахметов, жазушы Т.Әбдікұлы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы М.Қасымбеков, «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» РМК бас ғылыми қызметкері М.Мырзахметұлы, «Бөбек» балалар қорының президенті С.Назарбаева, опера әншісі Б.Төлегенова, ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен «ЛОРД дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернат» КММ мұғалімі Р.Әзімбаева, ақын М.Айтхожа, Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғ.Есім, мемлекетаралық су шаруашылық үйлестіру комиссиясы жанындағы Су шаруашылық мәселелері бойынша ғылыми-ақпараттық орталығы Қазақ филиалының директоры Н.Қыпшақбаев, ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен  ақын, «Сәкен Сейфуллиннің мұражайы» МКҚК директоры Н.Айтұлы, Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» АҚ президенті Қ.Беркінбаев, тарихшы М.Қойгелдиев, Парламент Сенатының депутаты Т.Мұқашев, жазушы Қ.Салғараұлы және басқалар марапатталды.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғылым және мәдениет саласының 36 көрнекті өкіліне берілді, олардың ішінде белгілі әншілер Т.Асар мен Д.Құдайберген, ғалым А.Жұмаділдаев, киноактер Н.Есімғалиев, дирижер Р.Салаватов, балет әртісі Н.Семенова және басқалар бар.

Белгілі ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, өндірістік сала өкілдерінің еңбектері «Парасат» орденімен бағаланды. Олардың арасында «Шымкент қалалық орыс драма театры» МКҚК басшысы И.Вербицкий, «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағы» РҚБ төрағасы Ж.Ерманов, «Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» РМК профессоры С.Қасқабасов, «Ақтөбе металл құрастыру зауыты» ЖШС директоры Қ.Қойлыбаев, Солтүстік Қазақстан облысы «Ақселеу» ЖШС директоры С.Малаев, «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» КЕАҚ профессоры Қ.Сәбденов, «Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры» КММ әртісі К.Темірбайұлы, қоғам қайраткерлері Е.Сакенова мен Е.Тарасенко, Атырау облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Өтешов, «М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы» МКҚК солисі С.Шакрат, Қарағанды облысы «Алтай Полиметалы» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Р.Юн  бар.

ІІ дәрежелі «Достық» орденіне Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, «Вайнах» шешендер және ингуштер қауымдастығы басқармасының мүшесі Ю.Келигов, айтыс ақыны Ә.Қалыбекова, «Айнұры» татар-башқұрт мәдени орталығы» ҚБ төрағасы А.Халиков, Қарағанды қаласы «LITUANICA» ҚБ төрағасы В.Тварионас және басқалар ие болды.

«Құрмет» орденімен марапатталғандар қатарында ақын О.Әбділдаев, Түркістан облысы «Жетісай қосалқы мектеп-интернаты» КММ мұғалімі Ү.Әбдиев, «Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» РМК доценті А.Әбиденқызы, Ақмола облысы «Алтындән» ЖШС директоры Қ.Байзақов, Алматы қаласы «Қазақстан дүнгендерінің қоғамы» ҚБ төрағасы А.Войнце, «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» РМҚК солисі Г.Дәуірбаева, Қостанай облысы «Мелитопольское» ЖШС директоры Э.Двуреченский, танымал боксшы В.Демьяненко, «Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ оқытушысы Ш.Имашев, Қызылорда облысы «Еңбек жер» ЖШС директоры Ш.Ысқақов, Петропавл қаласы «Кардиологиялық орталық» КМК бас дәрігері А.Мағзұмов, Шымкент қаласы «Болашақ» № 66 балабақшасы» МКҚК меңгерушісі Т.Мартыненко, «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС механизаторы А.Назин, әнші С.Нұрмағамбетова, «Милосердие» ерікті қоғамы» қайырымдылық қорының директоры, Қазақстан Республикасының балалар құқықтары жөніндегі уәкілі А.Саин, «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК әртісі Ү.Сейтімбет, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» РМК кафедра меңгерушісі Ә.Төлеубаев, Нұр-Сұлтан қаласы «Наз» мемлекеттік би театрының директоры С.Сраилов, Қарағанды қаласы «Жас сұңқар» спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушысы Е.Шынкеев бар.

Өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа материалдық өндіріс салаларының 72 жұмысшысы мен еңбеккері ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегерлері атанды, атап айтқанда,  Ақмола облысы «Хлебороб» ЖШС механизаторы М.Боранбаев, Маңғыстау облысы «Жайлау» ЖШС бас шопаны Е.Өтесов, «ҚТЖ Жүк тасымалдау» АҚ филиалы Жамбыл пайдалану локомотив депосының жөндеушісі Н.Хомутенко және басқалар.

Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлесі үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы І және ІІ дәрежелі «Даңқ», сондай-ақ, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.

Наградталғандардың тізімі баспасөзде жарияланады.

Ақорда

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮЗДІК ОҚУШЫЛАРҒА ЖЕКЕ КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Айғақ медиа
16.05.2026
0

Шымкент қаласының Полиция департаментінде «Ұрпақтар сабақтастығы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір буын міндеті» тақырыбында кездесу өтті. Жиынға ардагерлер, құқық...

ҮЗДІК ОҚУШЫЛАРҒА ЖЕКЕ КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

ҮЗДІК ОҚУШЫЛАРҒА ЖЕКЕ КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

Айғақ медиа
16.05.2026
0

Шымкентте 16 жасқа толған үздік оқушыларға алғашқы жеке куәліктері салтанатты түрде табысталды. Ерекше шара Полиция департаментінде өтіп, оған оқу мен...

ҚҰЖАТСЫЗ ҮЙЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

ҚҰЖАТСЫЗ ҮЙЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

Айғақ медиа
15.05.2026
0

Абай ауданында 1644 үйдің құжаты жоқ. Кезінде бұл аумақтарға инженерлік инфрақұрылым желілері де тартылған. Қазіргі таңда арнайы комиссия құрылып, зерделеу...

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА

Айғақ медиа
14.05.2026
0

Шымкентте 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Астана алаңында ұйымдастырылған мерекелік жиынға әскери қызметшілер, Қарулы Күштердің...

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

ТҰРАН АУДАНЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ БҮГІНГІ АХУАЛЫ

Айғақ медиа
14.05.2026
0

Осыдан шамамен бес ай бұрын Тұран ауданына қарасты Айкөл шағын ауданы сапалы ауызсумен толық қамтылды деген ақпарат жарияланған болатын. Алайда...

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

Айғақ медиа
14.05.2026
0

9 мамыр – Ұлы Жеңіске 81 жыл толды. Осыған орай Шымкент қаласында Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өтті....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.