Мегаполисте мәслихат депутаттары бас қосты. Қазақстан мәслихатының құрылғанына — 25 жыл! Осы датаны атап өтіп, Шымкенттің бюджетін нақтылау.
«Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» Кодексіне сәйкес 1994 жылы 7 наурызда алғаш рет елімізде жергілікті билік органдары – мәслихат жиналысына депутаттар сайлауы жүргізілді және осы күн мәслихаттардың құрылған күні болып есептеледі.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін қала әкімі Ерлан Айтаханов және мәслихаттың ардагер депутаттары, құқық қорғау органдары өкілдері мен қала депутаттары «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Бүгінде Шымкент қаласы мәслихатының депутаттық корпусында 27 депутат жұмыс істейді. Оның үшеуі — нәзік жандылар.
«Айғақ» ақпарат