• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Желтоқсан 27, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

ТҮРКІСТАН: ПАРТИЯНЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫНА ЕЛГЕ ЖАНАШЫР АЗАМАТТАР ТАРТЫЛАДЫ

28.11.2019
0

Түркістан облысында «Nur Otan» партиясының кадрлық резервіне жастар мен әйелдер және белсенді азаматтар тартылады. Бұл туралы бүгін Түркістанда өткен «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалының активінде белгілі болды. Маңызды жиынға облыс әкімі, партия филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев төрағалық жасап, жүргізіп отырды.  Актив отырысында 2019 жылдың 25 қарашасында Елбасы, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың  төрағалығымен өңірлік партия филиалдарының өкілдерімен кездесу барысында жүктелген міндеттерді орындау және жаңа бастамаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Елбасы қоғамдағы өзекті мәселелерді дөп басып, партияға маңызды тапсырмалар жүктегенін айтты. Өңірде атқарылған жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, жыл басынан бері барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары – фракция мүшелері түрлі мәселелер бойынша биыл 10 айда 637 жеке қабылдау жүргізіп,  1241 азаматтың мәселелері қаралған. 10 айда партия филиалдарының 17 қоғамдық қабылдау бөлмесіне 7047 арыз түсіп, оның 3297-і (46,7%) оңтайлы шешілген.

«Қабылдауларда басшылар тарапынан көзбояушылық пен сырғытпа жауапқа жол берілмеуі үшін әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы көрсетілуде. Осы жұмыстар нәтижесінде тұрғындардың партияға сенімі арта түсті деуге болады. Партияның кадрлық резервіне үміткерлерді іріктеу пилоттық жобасы бойынша Түлкібас ауданы республикада алдыңғы қатардан көрінді. Бұл жобаны барлық аудан, қалаларда өткізуді жоспарлап отырмыз. Осы арқылы біз қарапайым елдің арасынан мемлекетке шынайы жанашыр, отаншыл, белсенді азаматтарды қатарымызға қосып, мәслихаттарға ұсынамыз. Партия төрағасы осындай міндет жүктеп отыр», – деген ол депутаттар мен басшылардың жауапкершілігін көтеру жөнінде де ұсыныстарын айтты.

Жиында Түркістан облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиевтің баяндамасы тыңдалды. Сонымен бірге жарыссөзге шыққан «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық мәслихатындағы депутаттық фракция жетекшісі Мұрат Төлтебаев, Түлкібас аудандық үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернатының директоры Фарида Пралиева және «Кентау трансформатор зауыты» бастауыш партия ұйымының төрағасы Хайрулла Қожабаев та пікірлерін айтып, партияны жаңғырту бағытындағы жұмыстарды қолдайтындарын жеткізді.  Актив отырысын облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев қортындылады. Ол Елбасы,  «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың аймақтық филиал өкілдерімен кездесуінде берілген тапсырмалары бойынша жұмыс күшейетінін мәлімдеді. Партияны қайта жаңғырту бағытында елге жанашыр, нағыз көшбасшы азаматтарға мүмкіндік берілетінін айтты.

«Партиялық праймеризді түсіндіру және дайындық жұмыстары бойынша семинарлар өткізілсін. Нақты жергілікті мәселелерді есепке ала отырып, сайлауалды бағдарламаның жобасы әзірленуі тиіс. Партия филиалы партиялық кадрлық резерв құрамын жаңа талаптарға сай жасақтап, 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін ұсынсын. Жаңа тізімде әйелдердің үлесі 30 пайыздан, 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 20 пайыздан кем болмауы тиіс. Сонымен қатар қоғамның белсенді өкілдері де резервке алынсын. Партияның жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестері, бақылау комиисиялары жұмысты ширатсын. Партияны қайта жаңғырту бойынша жұмыстар жалғасады», – деген облыс әкімі Арысты қалпына келтіруде, Түркістанды түлетуде барша аудан, қала  әкімдіктері жұмыла жұмыс істегеніне алғыс білдірді. 

Елбасының Түркістанға деген  ықыласы мен қамқорлығы айрықша екеніне тоқталды. Жиын соңында ҚР Тұңғыш Президенті мерекесіне орай, бір топ азаматқа Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысхатын, ал жаңадан қабылданған 4 азаматқа партия билетін тапсырды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласы мәслихатының 30-шы сессиясында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал ететін маңызды мәселелер қаралды. Сессияда кәсіпкерлікті қолдау, салық саясатын жетілдіру,...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Айғақ медиа
04.12.2025
0

Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды. Светлана Жақыпова:  халықты жұмыспен қамту...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.