• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Ақпан 25, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

АРЫС ҚАЛАСЫНДА ЗАМАНАУИ СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

27.11.2019
0

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Арыс қаласында жаңадан бой көтерген спорт кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық-сауықтыру орталығының лентасын қиюға «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасы Арман Жетпісбаев пен Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек қатысты.

Спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы тамыз айында басталған болатын. Онда жергілікті тұрғындардың күрес, ауыр атлетика, дзюдо, самбо, шахмат, баскетол, волейбол секілді спорт түрлерімен шұғылдануына бар мүмкіндік жасалған.

«Жекеменшік әріптестік шеңберінде бой көтерген заманауи жаңа спорт кешенінде бір мезгілде 120 спортшының жаттығуына барлық жағдай жасалған. Зәулім ғимаратта спорт сүйер азаматтар мен жас балалар, жалпы арыстықтар спортпен айналыса алады. Сонымен қатар бұл шаңырақта ел намысын қолдан бермейтін болашақ Олимпиада чемпиондары тәрбиеленеді деп сенеміз»,  – деді құттықтау сөзінде «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасы Арман Жетпісбаев.

Айта кету керек, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры қаладағы 68 нысанды қалпына келтіруге қол ұшын созып, 53 білім беру нысаны, 8 денсаулық сақтау, 4 спорт, 3 қоғамдық орын нысандарын толық жөндеуден өткізді. Сондай-ақ, Арыс қаласындағы темір жол вокзалы, «Батырлар Аллеясы» мен 1200 орындық орталық алаң толық қайта қалпына келтірілді. 16 мектеп жаңа жиһазбен қамтамасыз етілді. Спорт және ойын алаңқайлары жөндеуден өтті.

Жалпы, Түркістан облысында 64 спорт нысандары жұмыс істейді. Оның 4-і Арыс қаласында орналасқан. Биыл облыс бойынша 3 спорт кешені халық игілігіне пайдалануға берілсе, келесі жылы дәл осындай 11 нысанның құрылыс жобасы дайындалған.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында жыл басынан бері 4 мыңға жуық іс-шаралар өткізіліп, оған 436 мыңнан астам адам қатысты. «2019 жыл – Жастар жылы» аясында ересектер арасында 9 спорт түрінен Спартакиада өтті. Облыс көлемінде 52 (26 олимпиадалық, 26 олимпиадалық емес) спорт түрлері дамытылуда. Өңір спортшылары спорттың 52 түрі бойынша ҚР чемпионаттарына қатысып, 215 – алтын,174 – күміс, 237 – қола медаль жеңіп алды. Биыл 2 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 4 ҚР спорт шебері, 116 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Айғақ медиа
18.02.2026
0

ХҚКО-дан дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта, демалыс және мереке күндері де алып кетуге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚАЗАҚСТАНДА COVID-19-ДЫҢ БЕС ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Денсаулық сақтау министрлігінде бұл «Омикрон» коронавирус штаммына қатысты екенін нақтылады.Жұқтырудың бес жағдайын Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тіркеді. «Өткен...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖОБАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау...

СОЗАҚ АУДАНЫ АЛҒАШ РЕТ ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Созақ ауданы барып, Шолаққорған ауылдық округінде табиғи газ желілерін іске қосу рәсіміне қатысты....

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИЛІГІ ҮШ АДАМНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылдың 23 қаңтарында Абай және Келес аудандарының үш тұрғыны ауыр жағдайда 2-деңгейлі Инсульт орталығынан 3-деңгейлі Облыстық клиникалық аурухана жанындағы...

МИХАИЛ ШАЙДОРОВ — МИЛАН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Араға 32 жыл салып Михаил Шайдоров еліміздің қоржынына алтын медаль салды.Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровқа жоғары шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері үшін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.