Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары болып Абуов Қайрат Базарбекұлы тағайындалды.
Қайрат Базарбекұлы 1984 жылы Мақтаарал ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2006 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы;
2011 жылы – «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін «экономика» мамандығы бойынша бітірген.
2018 жылы — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын «Халықаралық қатынастар» магистрі.
Еңбек жолын 2008 жылы Қазақстан Республикасы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің іс-жүргізушісі болып бастаған.
2012-2019 жылдары Шымкент қалалық №6 емханасының экономисі;
ОҚО дін істері басқармасының бас маман-ревизоры;
Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасының діни ұйымдардың қызметін талдау және мониторингі бөлімінің бас маманы;
ОҚО дін істері басқармасы әкімшілік бөлімінің бас маманы;
Түркістан облысының дін істері басқармасы әкімшілік бөлімінің басшысы;
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.