• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Шілде 5, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Дін мен дәстүр сабақтастығы — кереғар ағымдарға қарсы бірыңғай иммунитет

13.11.2019
0

 Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту, деструктивті діни ұйымдардың алдын алу мақсатында облыстық ақпараттық-түсіндіру топтары (АТТ) мүшелерінің семинары өтті. Шарада ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерінің біліктілігін көтеру, діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде сақтану шараларын жетілдіру мен қоғамда кереғар ағымдарға қарсы тұратын бірыңғай иммунитет қалыптастыру жайы сөз болды, деп хабарлайды Түркістан облыс әкімінің баспасөз қызметі

Семинар-тренингтің жұмысына ҚМДБ жанындағы республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Қуанышбаев Арман, белгілі дінтанушы Мұқан Исахан, қалалық, аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары мен дін саласына жауапты қызметкерлері, жоғары, орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары және магистранттары, ҚМДБ Түркістан облысы бойынша өкілі, қала, аудандардың бас имамдары, қала, аудандардың жалпы орта мектептерінің «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері, сондай-ақ,  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Семинар-тренингті Түркістан облысы қоғамдық даму басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Сариев Дәурен Нұрланұлы ашып, жүргізіп отырды.

«Қазіргі кезде Қазақстанда әлеуметтік-саяси өмірде діннің рөлі  арта түсті. Дін — қоғамдағы рухани мәдени саланың аса маңызды бөліктерінің біріне, тұғырлы әлеуметтік институтқа айналып келеді. Халқымыздың едәуір бөлігі нақ осы дін арқылы дәстүрлі құндылықтар мен қоғамдық парасаттық ұстанымдарын қайта жаңғыртуға ұмтылуда.

Бүгінгі шараның мақсаты — еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету,  мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту болып отыр», деп атап өтті.

Кездесу барысында ҚМДБ жанындағы республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Қуанышбаев Арман, дінтанушы Мұқан Исахан, ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкіл имамы М.Ақтамберді  тренингке қатысушыларға зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатқынымызды ескере отыра елдің тыныштығы мен келешегі үшін діннің тура жолынан жаңылмауымыз керек екенін түсіндірді.

Елімізге танымал ұстаз Арман Қуанышбаев өз сөзінде дін мен дәстүрдің сабақтастығы бүгінде үлкен рөл атқаратынын, қазақтың салты мен санасы Ислам дініміздің тамырына негізделгенін жеткізді. Келешек ұрпақтың ұлты үшін қызмет етуіне барлық ата-аналар тал бесіктен тәрбие беру керектігін де тілге тиек етті.

Кездесу соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» . Дәл осы тақырыпта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік пен қала прокуратурасы ұйымдастырған...

ҮЗДІК ЖЕТЕКШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

ҮЗДІК ЖЕТЕКШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Қаламызда «NURAY ART FEST» өнер байқауының 10 айлық қорытындысы өтті. Бас жүлде иегері 10 миллион теңгеге жуық тұратын темір тұлпарды...

ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Айғақ медиа
02.07.2025
0

 Шымкент қаласы сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша елімізде алғашқы үштікте. 2024 жылы қалада 25 сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелген. Осы өзекті мәселемен...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.