• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қыркүйек 17, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Түркістанда «Яссауитану-2019» республикалық байқауы өтуде

07.11.2019
0

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында көрсетілген «Ұлы даланың ұлы есімдерін» ұлықтау мақсатында және Жастар жылына орай  дәстүрлі «Ясауитану — 2019» республикалық байқауы басталды, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

Жиырма үшінші рет өтіп отырған доданы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы мен Қожа Ахмет Ясауи  атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Әлеуметтік қолдау және тәрбие жөніндегі вице-президент Әміреқұл Ергешұлы ашып берді.

-«Өз заманында-ақ халықтың ерекше ілтипатына ие болып, «Әулиелер Сұлтаны» атанған, кейінгі ұрпақтың да руханият әлеміндегі бағдарын айқындауда жетекші рөл атқарған Қожа Ахмет Ясауи артына баға жетпес байлық, өшпес мұра қалдырып кеткені белгілі. Әулиенің ізіне ерген шәкірттері Түркістан атырабынан асып, оның ілімін төрткүл дүниеге мәшһүр етті. Мәселен, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Түркіменстан, Пәкістан, Үндістан, Сирия, Иран, Ирак, Әзірбайжан, Ресей, Украина, Қытай, Түркия, Болгария, Босния-Герцоговиня, Мысыр, Марокка мемлекеттерін атап өтуге болады.


Қожа Ахмет Ясауидің шығармашылығы мен өмірін, кесенеде жерленген тұлғаларды жастар арасында насихаттап, патриоттық сезімді дамытуға үлес қосып, тарих танымын терең меңгертуге жол ашу бағытында қолға алынған байқаудың тамыры тереңдей түсті. Қалалық деңгейде бастау алған сайыс облыстық, республикалық, халықаралық дәрежеге қол жеткізді. Биыл жиырма үшінші рет ұйымдастырылған байқау республикалық деңгейде өтуде. Бүгін еліміздің барлық өңірінің кіл мықтылары бақ сынайтын болады,- деді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Қадырұлы.

Байқау жеңімпаздарына қомақты қаржылай сыйлықтар және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрікуниверситетінің гранты тағайындалған.

Байқау  қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін насихаттау,  өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру,  интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру, кесенесінде жерленген тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған.

Республикалық байқауға еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Түркістан қалалары мен Алматы облысы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Түркістан облысынан 41 оқушы сайысқа түсуде.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮЗДІК ӘУЛЕТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

ҮЗДІК ӘУЛЕТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
17.09.2025
0

     Шымкентте «Отбасы күні» мерекелік іс-шарасы өтті. Аталмыш шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған. Мақсаты –...

798 КӘСІПОРЫН ЭКОНОМИКАҒА ҮЛЕС ҚОСУДА

798 КӘСІПОРЫН ЭКОНОМИКАҒА ҮЛЕС ҚОСУДА

Айғақ медиа
17.09.2025
0

      Шымкентте қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес жиналысында күн тәртібіне сәйкес Еңбекші және Қаратау аудандарының әкімдері, сондай-ақ...

ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ — ӘР АЗАМАТТЫҢ ПАРЫЗЫ

ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ — ӘР АЗАМАТТЫҢ ПАРЫЗЫ

Айғақ медиа
17.09.2025
0

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырылды. Шараға қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұжымы...

КИНО ӨНДІРІСІ ДАМУДА

КИНО ӨНДІРІСІ ДАМУДА

Айғақ медиа
17.09.2025
0

Қазақ кино индустриясы соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Мәдениеттегі өзгерістерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, жаңа жобалардың жүзеге асуына жағдай жасалуда....

КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Айғақ медиа
17.09.2025
0

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында көшпелі қабылдау өтті. Іс-шараға «AMANAT» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау...

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ФЛЕШМОБ ӨТТІ

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ФЛЕШМОБ ӨТТІ

Айғақ медиа
17.09.2025
0

Шымкент қаласының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай салтанатты іс-шара ұйымдастырды. Бұл іс-шара —...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.