• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Маусым 19, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Қаратауда қандай жұмыстар атқарылған?

Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов атқарған жұмыстары туралы БАҚ алдында есеп берді

07.11.2019
0

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының 2019 жылдың алғашқы 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша өткен жиынының ақпарттық релизінің негізі

Елбасы Жолдауын насихаттау

Еліміздің қарқынды дамуы мен өркендеуі жолында Президентіміз Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын халық арасында кеңінен насихаттау бойынша ағымдағы жыл басынан бастап 17 рет кездесу өткізіліп, 20 000-нан астам тұрғын қамтылды.

Аудан аумағы

Аудан аумағында орналасқан 11 шағынаудан мен 11 тұрғын алап, 2 саяжайда 247 мыңнан астам халық тұруда. Аудан көлемі 32 256 гектарды құрайды.

Ауыз сумен қамтамасыз ету

Аудан бойынша 47 202 жеке тұрғын үй болса, оның 37 511 яғни, 79,5% тұрғын үй тәулік бойы сапалы ауыз сумен қамтылса, 5 211 тұрғын үй, 11,2% — кесте бойынша, ал тасымал сумен қамтылғаны 4 431 үй, бұл — 9,3% құрайды.

(Қазіргі уақытта, Сайрам тұрғын алабы жаңақұрылыс аумағы тұрғындарын сапалы ауыз сумен толық қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2019 жылдың соңы. Достық шағынауданында ауыз сумен қамту құрылыс жұмыстары атқарылуда. Пайдалануға беру мерзімі 2020 жыл. Ал, Тассай тұрғын алабы мен Тұран ш/а ауыз сумен қамту жұмыстары қаржы тапшылығына байланысты уақытша тоқтап тұр. Сонымен қатар Асар-2 шағынауданының ішкі орамдық көшелері мен Қайнарбұлақ тұрғын алабының магистралды ауыз су құбырының ЖСҚ-сы дайын. Құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталатын болады.

Электр жарығымен қамту

Аудан аумағында жалпы – 47 202 тұрғын үй қоныстанған болса, оның 38 142 үй, яғни (80,8%) — қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің балансындағы, ал, 9 060 үй (19,2%)  жекеменшіктегі электр трансформаторлары арқылы электр жарығын пайдалануда.

Бүгінгі таңда Сайрам аумағы Тассай бөлімшесі мен Қайтпас, Нұртас шағынаудандарындағы 594 отбасы сапалы электр жарығымен қамтылды.

         Асар-2, Достық шағынаудандары мен Тассай, Шапырашты, Өтеміс тұрғын алаптарында электр жарығымен қамту құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылы 6 146 отбасы толық сапалы электр жарығымен қамтылатын болады.

Ал, Қайнарбұлақ тұрғын алабын сапалы электр жарығымен қамту мақсатында ЖСҚ-сы әзірленген. Құрылыс жұмыстары 2020 жылға жоспарланған.

Табиғи газбен қамту

Ауданымыздағы жалпы – 47 202 тұрғын үйдің 35 083 яғни 74,3% табиғи газбен қамтылған болса, ал қамтылмағаны –  12 119 үй, бұл 25,6% құрайды.

Аумақтарда санитарлық тазалықты сақтау

2019 жылы санитарлық тазалау жұмыстарын атқаруға 180,6 млн.теңге бөлініп, «Qazaq Stroy Zhol» ЖШС  тарапынан қазіргі таңда аудан аумағындағы 3740 куб күл-қоқыс шығарылып, 79 шақырым ирригациялық арық және бордюр жанын тазалау жұмыстары атқарылды.

Жолдар құрылысы

Аудан аумағында жалпы ұзындығы – 1 110 шақырымды құрайтын – 1 272 көше бар. Оның 481 шақырымы, яғни, 375 көше – асфальт, 518 шақырымы, 751 көше – шағал тас, ал,  110 шақырымы топырақ көшелер, бұл – 146 көше.

Жылумен қамтамасыз ету

2019 жылы ауданда жалпы 392 көп пәтерлі тұрғын үй болса, оның 315 көп қабатты үйлер орталық жылу жүйесінен, 77  автономды жылу жүйесін тұтынады. Қысқы жылу маусымына көп қабатты үйлерді дайындау жұмыстарын «ОҚО үйлерді басқару» ЖШС, «Алиаскар БАМ Групп» ЖШС, «Шымкент тұрғын үй қызмет» ЖШС, «Қызметкер СК» ЖШС мекемелері тарапынан дайындық жұмыстары атқарылып, қазіргі таңда көп қабатты тұрғын үйлер жылу маусымына толық дайын.

Аумақты абаттандыру жұмыстары

Қаратау ауданы аумағында жалпы 352 көп қабатты тұрғын үй 152 аулаға біріктірілген. Қазіргі таңда аудан аумағындағы 57 аулаға біріктірілген 139  көп қабатты тұрғын үй аулаларына заманауи үлгідегі сапалы балалар ойын алаңдары және спорттық жаттығу тренажерлары мен 20 ашық спорт алаңшаларын орнату мен күтіп ұстау жұмыстарын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Бай-Болашақ» ЖШС-і тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Аяқ жолдар мен аялдамалар орнату жұмыстары

Аудан аумағындағы жалпы ұзындығы 1,4 шақырымды құрайтын Тассай тұрғын алабындағы 2 көшеге аяқжол орнатылды.  Сонымен бірге, аудан аумағындағы Нұрсәт, Азат, Достық, Бозарық, Ақжайық, Қайтпас, Нұртас шағынаудандары мен Қайнарбұлақ, Тассай, Таскен, Өтеміс, Шапырашты тұрғын алаптарындағы 66 орынға жаңа аялдама орнатылды.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары

Аудан аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлер мен көше бойларында қылмыстардың алдын алу мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, 67 орынға бейнебақылау камераларын орнатуға, қалалық полиция департаментіне ұсыныс жолданды. Бейнебақылау камералары қаржы бөлінуіне орай орнатылатын болады. Сонымен қатар, аудан аумағындағы орталық маңызы бар 79 көшені жарықтандыруға ұсыныс берілген. Нәтижесінде, Ақжайық ш/а – 3 көше, Қайнарбұлақ саяжайы – 1 көше, Қайтпас ш/а – 2 көше, Орманшы т/а – 2 көше, Шапырашты т/а – 2 көшені  жарықтандыруға жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп бюджетке ұсынылды.

Ретсіз сауда орындары мен  жарнамаларды реттеу

2019 жылдың 10 айында белгіленбеген жерлерде сауда жасаушы тұлғаларға Қаратау ауданы ЖПҚ қызметкерлерімен 541 хаттама толтырылып, 873 741 теңге көлемінде айыппұл салынып, 454 495 теңге өндірілген. 2019 жылдың 10 айында қала келбетіне сай келмейтін  683 заңсыз жарнама анықталып ретке келтірілді. 2019 жылдың 10 айында өз бетінше орналасқан 11 дүңгіршек және 2 киіз үй иелері өз еріктерімен алып тастады.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың  тұтыну бағасын  тұрақтандыру

Әр аптаның жексенбі күндері Нұрсәт ш/а «Рахима-плаза» сауда үйінің жанында       175 кәсіпкердің қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізілуде. Ағымдағы жылдың осы күніне дейін, 44-рет жәрмеңке ұйымдастырылды

 Әлеуметтік сала

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары негізінде Жаңа форматтағы «Атаулы әлеуметтік көмек» жүзеге асырылуда.2019 жылдың 10 айында Атаулы әлеуметтік көмек алуға құжат тапсырған 26332 отбасының 23541-не оң қорытынды берілсе, бір реттік әлеуметтік көмек алуға құжат тапсырған 1829 отбасының 1637-не оң қорытынды берілді. Сондай-ақ, қала аумағында өтіп жатқан «Біз біргеміз» акциясы аясында жекеменшік 68 мекемеге мүмкіндігі шектеулі  азаматтарға қолайлы орта (пандус) қалыптастырылды.

Ономастика және тілдерді дамыту

Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің тапсырмасымен көшелерге кісі есімін беру тоқтатылған (мораторий). Алайда, жер-су, таулардың, табиғи көріністердің атауларын беру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге дейін, аудан аумағындағы  көшелерге атау беру мәселесі бойынша тұрғындармен өткізілген жиналыстардың хаттамалары толтырылып, 287  көшенің құжаттары қалалық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына жолданды. Ал ауданымыздағы атауы жоқ 81 көшеге атау беру  бойынша тиісті жұмыстар жалғасын табуда. Сонымен бірге, ауданымыздағы 319 көп қабатты тұрғын үйге «QR-code» үлгісіндегі тақтайша орнату жұмыстары атқарылды.Сонымен қатар, жаңақұрылыс аумағындағы 9 аялдамаға атау беру бойынша тұрғындармен хаттамалар толтырылып, Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына жолданды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

Айғақ медиа
16.06.2025
0

  Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

КЕНТАУЛЫҚ СТУДЕНТ ОҚУШЫЛАРҒА БОЛАШАҚ КӘСІБІН ТАҢДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН СТЕНД ОЙЛАП ТАПТЫ

КЕНТАУЛЫҚ СТУДЕНТ ОҚУШЫЛАРҒА БОЛАШАҚ КӘСІБІН ТАҢДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН СТЕНД ОЙЛАП ТАПТЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

Кентау политехникалық колледжінің 4-курс студенті Улугбек Бахтияров жұмысшы мамандарын даярлауға арналған оқу стендін жасап шығарды. ASAR-1 — инженерлік мамандықтарды біріктіретін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.