• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Мамыр 14, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Мобиль құрылғыларды тіркеу. IMEI- код туралы білу керек кеңестер

30.10.2019
0

#1 IMEI-код дегеніміз не? IMEI код — құрылғы, кепілдік талонында және телефон қорапшасында көрсетілген 15 цифрдан тұратын сериялық нөмір. Ол SIM-карта жұмыс істейтін барлық құрылғыда бар. Код SIM карта ұяшығына жазылады, яғни құрылғыда екі слот болса, онда оның екі IMEI коды болады. Құрылғының кодын білу үшін * # 06 # комбинациясын теру қажет. Бұл пәрмен телефондарға арналған, оператормен байланысы жоқ. IMEI код мобильді операторлар мен құқық қорғау органдары смартфон немесе басқа құрылғының нақты сіздікі екенін білуі үшін қажет, сондықтан оны тіркеу керек.

#2 Құрылғының IMEI-кодын қалай тіркеуге болады? Ұялы байланыс операторлары IMEI кодтарын тегін тіркейді. Тіркелу жолын білу үшін өз операторыңыздың қоңырау шалу орталығына хабарласыңыз. Beeline желісінің баспасөз қызметі өкілдері *835# пәрменін теру арқылы телефонның тіркелгенін тексеруге болады деп хабарлады. Алдымен сізге SMS хабарлама келеді. Кейін құрылғы тіркелмеген болса, 6914-ке өзіңіздің ЖСН нөміріңізді SMS арқылы жолдай аласыз. Бұл жағдайда SMS жіберілген құрылғы тіркеледі. «Жүйе ЖСН-ді қабылдайды, жіберілген нөмірдің иесіне сәйкестігін тексереді. Барлығы дұрыс болса, ЖСН жіберілген телефонның IMEI коды осы деректерге қосылады. Ал қалғанын жүйе автомат түрде жасайды», — деп хабарлады Beeline желісінің баспасөз қызметіндегілер. Сондай-ақ, осы желінің пайдаланушылары *691# пәрменін теріп, 6914 нөміріне қоңырау шалып, операторға ауызша айтып, «Менің Билайным» қосымшасына тіркеліп немесе компанияның кез келген кеңсесіне келе алады. Сонымен қатар, QIWI рқылы телефонның балансын толтыру қажет болса, төлем терминалына тіркеу ұсынылады. Ал шалғайдағы ауылдарда технологияны нашар түсінетін адамдарға көмекке «Қазпочта» қызметкерлері келеді. «Жақсы ойластырылған тіркеу жүйесі бар, алдымен почта операторы өзінің сәйкестендіру кодын енгізеді, содан кейін ғана абоненттің деректерін жазады. Яғни бәрі мөлдір болады, ал кейін деректер қайдан және қалай келгенін анықтауға болады», — деп сендірді «Beeline» баспасөз қызметі өкілдері. Телефонның екі SIM картасы болса, екі IMEI кодты да тіркеу керек болады. Сонымен қатар SIM карталардың орындарын ауыстырсаңыз, телефонды қосқаннан кейін жүйе оны автомат түрде көреді. Жүйе ЖСН-ді қабылдамаса, онда бұл телефон басқа адамға тіркелген деген сөз. Мұндай жағдайда ұялы байланыс операторына хабарласу керек.

#3 Жаңа телефон сатып алғанда не істеу керек? Beeline баспасөз қызметіндегілердің хабарлауынша, жаңа гаджет сатып алған кезде көп жағдайда авторизация автомат түрде жүреді. «ЖСН нөміріңізді мұның алдында ұялы байланыс операторының базасына енгізсеңіз, онда сіздің ЖСН және толық аты-жөніңіз жүйе бар. Слотқа SIM-картаны салғанда, жүйе құрылғының іздестіру тізімде жоқ екенін, полицияға немесе Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арыз келмегені және оның заңды сатып алынғанын көреді. Осылайша жүйе автомат түрде оны сізге байланыстырады», — деп хабарлады компания өкілдері. Оператор ұсынатын жалғыз нәрсе — тіркелгеніңізді *835# нөмірі арқылы тексеру немесе «Менің билайным» қосымшасына кіру.

#4 Бұрындары қолданыста болған телефонды сатып алған жағдайда не істеу қажет? Кез келген қолданылған телефонды алдымен ұялы байланыс операторларына хабарласып тексерген жөн. Себебі ол басқа адамға тіркелген болуы мүмкін. Дұрысында қолданылған телефонды мүлдем алмаған дұрыс. Базарда келе жатқанда басқа адамға тіркелген, ұрланған немесе мүлде жұмыс істемейтін телефон алу қаупі бар. Құрылғы бастапқыда өзге адамға тіркелген, бірақ одан алынған болса, өзіңіздің SIM-картаңызды салып, қайта тіркеу қажет. Ал сатып алынған телефон әлі өзге біреудің атына тіркелген болса, онда байланыс операторыңыздың кеңсесіне хабарласыңыз. «Бұл жүйе құрылғы иесін қорғайды. Мысалы телефоныңызды ұлрап кетсе, операторыңызға хабарлассаңыз оны толығымен өшіріп тастай алады. Ол жәй ғана пластик күйде қалады. Телефонды сата алса да ол жұмыс істемейді. Ал телефонды қадағағыңыз келсе, алдымен полицияға арыз жазып, содан кейін нұсқауларды орындаңыз», — деп түсіндірді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев. Сондай-ақ, тіркеу сізді телефонды сатқанда қорғайды. Операторлар құрылғыны дереу атыңыздан шешуге кеңес береді. «Мысалы сатқаннан кейін екі сағат өткенде телефоныңыздан қоңырау шалып, мына жақта бомба бар деп белгісіз біреу хабарласса, бәрібір жауапты сіз боласыз», — деп хабарлайды Beeline баспасөз қызметі өкілдері.

#5 Ұялы байланыс операторларын ауыстырған жағдайда не істеу керек? Бір байланыстан екіншісіне тек компанияның оператор кеңселерінде ғана ауыса аласыз. Сіз керекті құжаттарыңызды көрсеткеннен кейін консультанттар сіздің деректеріңізді тексеріп, оларды дерекқорға (базаға) енгізеді. Содан кейін ғана сіз құрылғының тіркелген пайдаланушысы бола аласыз.

#6 2019 жылдың 1 қаңтарында не болады? Тіркелмеген ұялы құрылғының қолданушыларына 2019 жылдың 1 қаңтарының түн ортасынан бастап қызмет көрсетілмейді. «Біз көктемнен бастап ұялы телефондарды тіркеп жатырмыз. Ұялы байланыс операторы сізге IMEI кодын тіркеуге мүмкіндік береді, бірақ заңға сәйкес абонент өзі тіркелуі тиіс, оператор емес. Бұл рәсімді барынша жеңілдетуге тырыстық, қалғанына пайдаланушы жауапты. Егер тіркелмеген қолданушы 1 қаңтарда түнде байланыс желісіне шыққысы келсе, «Beeline» оны автоматты түрде тіркелу парақшасына бағыттайды. ЖСН енгізілгеннен кейін, желі оған қайта қол жетімді болады», — деді компанияның баспасөз қызметіндегілер.

#7 Туристер не істейді? Өз елінің роуминг байланыс желісін қолданатын шетелдік туристер үшін еш қиындық тумайды. Компанияның кеңселерінде қазақстандық ұялы байланыс SIM-карталарын сатып алатын туристер өз құжаттарын ұсынғаннан кейін, олар да IМEI-код базасында тіркеледі.

tengrinews.kz 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ФАО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезді бақылауды техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды нығайту жөніндегі миссия шеңберінде Қазақстанға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.