• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Наурыз 26, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Халық арасында вакцина-профилактикасы тиімділігін арттыру түрлі эпидемиологиялық жағдайдың алдын алады

05.09.2019
0

Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде (бұдан әрі – Департамент) қала халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және денсаулығын қорғау мақсатында жүзеге асырылатын инфекциялық аурулардың иммундық-профилактикасы және  вакцинациялау саласында жүргізіп отырған жұмысы туралы хабарлады.

Іс-шараға Департамент басшысы Әбдіманап Төлебаев, Департамент басшысының орынбасары Алмат Қосалиев қатысты. Әбдіманап Төлебаев баяндамасының барысында Қазақстан Республикасында инфекциялық ауруларға қарсы күрес бойынша бағдарлама иммундық-профилактика арқылы іске асырылатынын атап айтты.

«Бүкіл әлемде иммундық-профилактика инфекцияларға қарсы күресуде ең тиімді, үнемді және қолжетімді болып танылған. Қазақстан Республикасында 19 инфекциялық ауруға қарсы вакцинациялау жүргізіледі. Шымкент қаласында 17 жұқпалы ауруға қарсы (табиғи ошақтың болмауына байланысты кене энцефалиті мен туляремия қарсы жүргізілмейді) вакциналау жүргізіледі.

Балаларды иммундау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сапалы вакциналар сатып алынады», – деді Департамент басшысы.

Шымкент қаласында жыл сайын туберкулезге қарсы 35500 астам жаңа туған нәресте және 16600 астам 6-7 жастағы балалар вакцинацияланады. Өткен кезеңде республикада 700 мыңнан астам бала, оның ішінде біздің қаламызда 75793 бала егілді, осылардың арасында иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністердің күрделі жағдайлары тіркелген жоқ. Туберкулезге қарсы вакцинациялау балалардың арасында туберкулез менингиті және диссемирленген туберкулез сияқты туберкулездың ауыр жағдайларының дамуына жол бермеуге мүмкіндік берді.

Шымкент қаласы бойынша туберкулезбен ауру-сырқаулық соңғы 16 жыл ішінде 3,8 есе (100 мың тұрғынға 2002 жылғы 143,8 бастап, 2018 жылғы 37,3 дейін), өлім-жітім 19,9 есеге (100 мың тұрғынға 2002 жылғы 25,9 бастап, 2018 жылғы 1,3 дейін) төмендеді. Бұл деректер балаларды вакцинациялауды қоса алғанда туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша жүргізіліп отырған шаралардың тиімділігін растайды.

Бірақ, «Japan BCG Laboratory» (Жапония) өндіруші-зауыты (БЦЖ) туберкулезге қарсы вакцинаны 35 елден кері қайтарып алуына байланысты Қазақстанда туберкулезге қарсы вакцинациялау уақытша тоқтата тұрылды.

Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «SERUM institute of INDIA» (Үндістан) өндірісінің БЦЖ вакцинасын сатып алу және жеткізу мүмкіндігін қарастыруда.

«Балалар жасы инфекциялық аурулар үшін ең осал болып саналады. Бұл жеткіліксіз жетілуіне және ағзаның жалпы төзімділігінің төмендеуіне байланысты. Вакцинация ағзада арнайы антиденелердің түзілуі мақсатында жүргізіледі, осылайша көкжөтел, сіреспе, дифтерия, туберкулез, полиомиелит, қызылша, қызамық, паротит сияқты ауруларға ағзаның қорғаныш қызметін (иммунитет) күшейтеді», — деп атап өтті Забира Есенгараева.

Сондай-ақ, баспасөз-конференциясы барысында Департамент басшысы  қаладағы қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы және оны тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы журналисттерді хабардар етті.

Забира Есенгараеваның айтуынша, қызылшамен сырқаттанушылық бойынша жағдайды Департамент тұрақты бақылауға алып отыр. Инфекция ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде, Шымкент қаласында 2675 қарым-қатынастағы адам егілді.

Қызылшамен  сырқаттанушылық 1 жасқа толмаған егілмеген балалардың арасында көп тіркелетінін ескере отырып, ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап 9 айлық балаларды қосымша вакцинациялау жүргізілуде. Шымкент қаласында 11705 бала егілді. Бұдан басқа, 3624 медицина қызметкері егілді,  — деп хабарлады Забира Есенгараева.

Қабылданып отырған шаралар сырқаттанушылықтың динамикасын төмендетуге мүмкіндік берді. Мысалы, шілдеде қызылшамен сырқаттанушылық 2019 жылғы наурызбен салыстырғанда Шымкентте 3,9 есеге (388  жағдайдан 98 жағдайға дейін) төмендеді.

 Ересек тұрғындардың арасында неғұрлым жоғары сырқаттанушылық 20-29 жас аралығындағы жас ерекшелік тобының арасында тіркеледі. Осыған байланысты, 2019 жылғы қыркүйекте осы жастағы жастардың арасында қызылша мен қызамыққа қарсы қосымша иммундау кампаниясы басталады.

Профилактикалық егулерден бас тартқан жағдайда, ата-аналар баласын инфекциядан және оның салдарынан қорғану құқығынан айыруы мүмкін екендігін есте сақтауы қажет.

Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті балаңыздың инфекциялық ауруларға қарсы вакцинасы болуын тексеруге және вакцинация болмаған жағдайда профилактикалық егулер алу үшін тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға жүгінуге ұсыным береді.

Шымкент қаласы ТКҚСҚБД

Баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...

4 ЖАСТАҒЫ ӘЛИ БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫ ИГЕРІП ҮЛГЕРГЕН

4 ЖАСТАҒЫ ӘЛИ БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫ ИГЕРІП ҮЛГЕРГЕН

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Түркістан облысында төрт жастағы Әли Адамбек мектеп табалдырығын аттап, бастауыш сынып бағдарламасын меңгеріп үлгерген. Құрдастары әріп танып жүргенде, ол күрделі...

ТАРАЗДА ЗАҢСЫЗ БЕЛГІ ҮШІН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАППАЙ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

ТАРАЗДА ЗАҢСЫЗ БЕЛГІ ҮШІН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАППАЙ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Таразда жол ережесін бұзбаған бірнеше жүргізуші заңсыз айыппұл төлеп келген.Тексеріс Сүлейменов көшесінде орнатылған 40 км/сағ жылдамдық шектеу белгісінен басталды.Камералар жылдамдықты...

1,5 МЛН ТЕҢГЕ: СЕМЕЙДЕ АУЫЛҒА КӨШУ БАҒДАРЛАМАСЫ

1,5 МЛН ТЕҢГЕ: СЕМЕЙДЕ АУЫЛҒА КӨШУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

“10 сиыр мен бір жылқы бар”: Семейде әкімдік тұрғындар ауылға көшу үшін 1,5 миллион теңге ұсынуда.Семейде “Қаладан – ауылға” атты...

ҚАЗАҚСТАН КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ 4 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ 4 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында Әлем кубогының кезеңі басталды. Халықаралық турнирдің алғашқы күні Қазақстан құрамасы төрт алтын медаль...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КӨЛІГІМЕН ҚАЛАҒАН КҮНІ КӨШЕГЕ ШЫҒА АЛМАУЫ МҮМКІН

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КӨЛІГІМЕН ҚАЛАҒАН КҮНІ КӨШЕГЕ ШЫҒА АЛМАУЫ МҮМКІН

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Енді қазақстандықтар қалаған күні көлігімен көшеге шыға алмайды. Мемлекеттік нөмірдің соңғы цифры 9 болса сіз 2-сі, 4-і, 16-сы сияқты даталарда...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.