• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ҚЫЛУЕТ ЖЕР АСТЫ МЕШІТІНДЕ ҚАЙТА ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

03.09.2019
0

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты Қылует жер асты мешітінде қайта жаңарту жұмыстары жүруде. «Қазқайтажаңарту» кәсіпорнының мамандары Қожа Ахмет Ясауидің тарихымен тығыз байланысты ескерткіштің іргетасын ашып, 2,8 метр тереңдіктен бастап желдеткіш жүйесін орнатты. Сондай-ақ, Қылует жер асты мешітінің шатыры астындағы жарамсыз ағаштар ауыстырылып, ылғал мен суық, суға төзімді арнайы усб материалы төселіп, шатыры жаңартылды. Ғимараттың ішкі және сыртқы қабырғалары мен еденіндегі мүжілген реставрациялық кірпіштер де жаңартылып, ұстындар лак бояуларымен сырлануда. Ағымдағы жылға жоспарланған қайта қалпына келтіру жұмыстары қараша айында толығымен аяқталады.

Қылует жер асты мешіті — ХІІ-ХV-ХІХ ғасырларға тән республикалық мәртебеге ие ескерткіш. XII ғасырда салынып XX ғасырдың бірінші жартысына дейін үздіксіз жұмыс істеп тұрған, жартылай жер астында орналасқан ортағасырлық діни құрылыстардың бірі. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстігінде 120 метр қашықтықта орналасқан. Координаттары — 43˚17.776΄,068˚16.247΄, теңіз деңгейінен биіктігі – 228 метр.

Ғалымдардың айтуынша «қылует» сөзі арабша «халуатун» яғни жекелену, оңашалану деген мағынадан шығып, Жаратушыға дүниеден бөлек, оңаша отырып құлшылық жасайтын орын деген мағына береді. Мұнда негізінен ғұрыпты құлшылықтың біріне жататын «зікір» ғибадаты орындалатын болған. Қожа Ахмет Ясауи пайғамбар жасы 63-ке толғанда қылуетті арнайы салдырып, қалған өмірін осы жерде өткізгендігі зерттеушілердің еңбектерінде кездеседі.


Сонымен қатар, мұнда көптеген шәкірттерін тәрбиелеп, Диуани хикмет, Мират-ул-қулуб, Пақырнама және тағы да басқа көптеген еңбектерін жазып қалдырған. Ескерткіш жалпы саны 18 бөлмеден тұрады. Қазіргі қалпына келтірілген жер асты мешітінде үш есік бар. Құрылысты салу барысында діни әдет ғұрыптарды орындауға қажетті және адам өмір сүруі үшін барлық жағдай қарастырылған.

Мұнда Жамағатхана, Мешіт, шаруашылық қызметіне арналған, ыстық су дайындайтын, жуынатын, дәрет алатын және асхана бөлмелері толық қарастырылған. Бұдан бөлек, мұнда Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың төрт метр жер астында орналасқан «Ғар» бөлмесі түпнұсқа күйінде сақталған. Бір адамға арналып салынған бұл бөлменің қабырғалары және күмбезі төрт бұрыштанып, күйдірілген кірпіштен қаланып «Балхы» тәсілі бойынша жабылған.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

Previous Post

Ляньюньган қаласының Қазақстанмен байланысы қандай?

Next Post

Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарын аяқтау бойынша аппараттық жиын өтті

Related Posts

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

by Айғақ медиа
06.11.2026
0

Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...

БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

by Айғақ медиа
06.11.2026
0

Білім күні қарсаңында Шымкентте 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімде қала әкімі жаңа пәтер иелеріне баспана кілттерін табыстап, қуанышты сәттерімен...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

by Айғақ медиа
05.11.2026
0

Шымкентте Республика күніне орай «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Қаланың бес ауданын қамтыған тазалық шарасы аясында Қошқар ата өзенінің бойы...

«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

by Айғақ медиа
05.11.2026
0

Шымкентте жас ғалымдардың үздік жобалары анықталды. Ел болашағына бағытталған тың бастамалар мен ізденімпаз жастардың басын қосқан «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауы өз...

ЖАПОНИЯДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛҒАН ПАРАСПОРТШЫЛАР

ЖАПОНИЯДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛҒАН ПАРАСПОРТШЫЛАР

by Айғақ медиа
05.11.2026
0

Спорт саңлақтары еліміздің қоржынын тағы екі медальмен толықтырды. Жапонияда өткен жазғы V Азия Пара ойындарында Ибрагим Нұрмаханұлы пара дзюдодан чемпион...

ҚОЛА МЕДАЛМЕН ЕЛГЕ ОРАЛҒАН ЧЕМПИОН

ҚОЛА МЕДАЛМЕН ЕЛГЕ ОРАЛҒАН ЧЕМПИОН

by Айғақ медиа
05.11.2026
0

Боз кілемнен әлемдік додада Шымкенттік спортшы ел мерейін үстем етті. Мейіржан Шермаханбет грек-рим күресінен 67 келі салмақта сынға түсіп қола...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.