Исламбеков Нұржан Батырбекұлы «Шымкент» ӘКК » Акционерлік қоғамның Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Исламбеков Нұржан Батырбекұлы 1977 жылғы 25 ақпан күні дүниеге келген.
Білімі:
1997 жылы Қазақ Мемлекеттік Аграрлық Университетін бітірді (мамандығы: экономика және менеджмент).
2018 жылы Аймақтық Әлеуметтік-Инновациялық Университетін бітірді (мамандығы — Құқықтану).
Еңбек жолы:
1998-1999жж. – Қазақстан Республикасы Салық полициясы комитетінің аса маңызды істер бойынша аға инспекторы;
1999-2002жж. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігінің бас маманы;
2002-2003жж. – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі департаментінің бөлім басшысы;
2003-2007жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінде бөлім басшысы;
2007-2010жж. – «Каз Агро Инновация» АҚ «Инфрақұрылымды басқару орталығы» ЖШС-нің бас директоры;
2011-2013жж. – Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі АҚ «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ департамент директоры;
2014-2017жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ-да Оңтүстік Қазақстан облысының аймақтық өкілі;
2017-2019жж. – «Capital Logistics» ЖШС-нің «Бәйтерек» ҰБХ» Акционерлік қоғамның Бас директоры;
2019 жылдың тамыз айынан бастап – «Шымкент» ӘКК » Акционерлік қоғамның Басқарма Төрағасының орынбасары. Құрылыс мәселелерін қадағалайды. ⠀
Дереккөз: «Айғақ-Ақпарат»
⠀