Медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – науқастарға көрсетілген қызмет сапасын талдап, тексеру жүргізу және науқас құқығын қорғау. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы мониторинг бөлімінің басшысы Галима Туреханованың мәліметінше, 459 науқас медициналық көрсетілімсіз ауруханаға жатқан болса, 527 науқастың мәліметі ақпараттық жүйеге дұрыс енгізілмеген. Сонымен қатар, емдеу диагностикалық шараларының стандартқа сәйкес келмеуі бойынша 1780 жағдай анықталған.
— Стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсететін қызмет көрсетуші медициналық мекеменің жұмысын күн сайын «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҚЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы бақылап отырады. Медициналық қызметтердің көлемі мен сапасына мониторинг электронды ақпараттық жүйелерде жүргізіледі. Ал, емханалық-амбулаторлық көмек, жедел медициналық жәрдем, әлеуметтік-медициналық көмек (туберкулез, наркология, психиатрия, ВИЧ/СПИД), патолого-анатомиялық диагностика, қан және оның құрамдас бөліктерін даярлау қызметін көрсететіндерге қызмет берушіге шығып мониторинг жүргізіледі. Мониторинг бөлімінің тексеру нәтижесінде емхана дәрігерінің жолдамасы арқылы емделушілер саны көбейген, науқастардың өз бетінше емделуі және тәуліктік стационарда медициналық көмек алушылар азайған – дейді, Г.Туреханова.
Болашақта медициналық көмектің сапасы клиникамен келісімшартқа отырарда назарға алынатын болады. Медициналық сақтандыру қоры науқастың мүддесі үшін медициналық көмекті сатып алатындықтан олардың құқығын білуі мен заңсыз жағдайларды тұрақты хабарлайтын болады.
Дереккөз: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімі