Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов орталық және жергілікті атқарушы органдар қандай мәселелерге назар аудару керектігін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жалпы осы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша көптеген көрсеткіштердің оң серпіннің сақталғаны байқалады. Ағымдағы үрдістерді ескере отырып, үшінші тоқсанда орталық және жергілікті атқарушы органдарға мынадай аспектілерге баса назар аудару қажет: негізгі экономикалық көрсеткіштердің өсуін қамтамасыз ету, инвестициялық жобаларды бақылауды қамтамасыз ету, құрылыс және ауыл шаруашылығы жұмыстарының маусымын барынша пысықтау және инфляцияны бақылауды күшейту», — деді Руслан Дәленов Үкімет отырысында.