Шымкент қаласының оқушылар сарайында «Нұр Отан» партиясы жобасына сәйкес кезекті ІТ-сыныптар ашылды, деп хабарлайды «Айғақ-Ақпарат».
Азаматтардың цифрлық сауаттылықтарын арттыруға, білім беру саласын жетілдіруге бағытталған IT- сыныптар «Нұр Отан» партиясының «IT-мамандарды дайындау» жобасы аясында іске асты.
Бұл сыныптар оқушыларға технологияның қыр-сырын үйретіп, олардың озық инновацияны игерулеріне жасалған мүмкіндік. ІТ-орталық халықтың цифрлық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың әлемдік ірі жобаларға қатысатын бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына жағдай жасайды.