Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауылында Құрбан айт мерекесіне тұспа тұс «Әшір ата» мешітінің ашылу салтанаты өтті. 5 мыңға жуық ауыл тұрғындары енді діни сауаттылығын 2500 орынға арналған имандылық үйінен алатын болды. Бұл игілікті істі жергілікті кәсіпкер, Түркістан облыстық мәслихаттың депутаты Нұржан Әшіровтың бастамасымен салынған. Заманауи талаптарға сай мешіт жанынан асханасы да пайдалануға берілді. Алдағы уақытта мешіт айналасын абаттандыру жұмыстары жоспарланып отыр.
«Айғақ — Ақпарат»