Соналы — Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Тагиль ауылдық округі құрамына кіретін ауыл. Сарыкөл кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 25 км-дей жерде орналасқан.
Халық арасында Сарыкөл ауданы Соналы ауыл округін дүниеге егіздер, үшемдер көптеп келетін «қасиетті мекен» деп атайды. Мәліметтерге сүйенсек, 2000 жылдардан бері бір ауылдың өзінен 28 егіз, үшемдер дүниеге келген. Ғалымдар бұл феноменді осы аймақтың табиғаты және энергетикасымен байланыстыруда.
Солтүстік Қазақстан облысына қызметтік сапармен аттанған «Айғақ» ұжымы Соналының сұлу табиғатымен де танысып қайтты.
«Айғақ-Ақпарат»