Қостанай облысы Соналы ауылындағы мектепте 41 оқушы болса, оның 19-ы Түркістан облысынан көшіп келген отбасылардың балалары. Соның арқасында елді-мекендегі жабылуға шақ тұрған білім ордасы жұмысын қайта жалғастырып отыр.
Жетісайлық Ақшолпан Зулпыхарова Соналы жалпы орта мектебіне орыс тілі пәнінің мұғалімі болып қызметке орналасып, оқушыларға тәлім беріп келеді. 4 баланың анасы Қостанай облысына осыдан 2 жыл бұрын келген. 2 баласы балабақшада тәрбиеленуде. 2 баласы аталған білім мекемесінде оқиды.
Жалпы Соналы ауылында 69 отбасы бар. 2018 жылы мұнда Түркістан облысынан 8 жанұя қоныс аударған. Оның төртеуі мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алып, мал, егін шаруашылығымен айналысуда.
«Айғақ-Ақпарат»