Түркістан облысы, Түлкібас ауданының тумасы Нұрлан Қисықов қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ. Мүсірепов ауданы, Привольное ауылына қоныс тепкен. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы солтүстікке арнайы келген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміне үкімет тарапынан 4 млн.теңге пайызсыз несие беріліп, сол қаржыға роман қойының тұқымын сатып алып, кәсіп қылуда.
Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында халықтың жетіспеушілігіне байланысты 118 ауылда 290 мектеп жабылып, қызметін тоқтатқан. Бүгінде сол ауыл-аймақтарға жұмыс күшін қайта тарту маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Сонымен қатар, аймақта денсаулық, білім, ауылшаруашылық салаларында маман жетіспейді.
«Айғақ-Ақпарат»