«Shymkent» ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасы болып Әбілсейіт Рабаев тағайындалды.
Әбілсейіт Рабаев — 2003 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ Жол қозғалысының инженері мамандығы бойынша бітірді.
2008 жылы Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетінің Экономика бакалавры атанды.
2002 – 2003 жылдар аралығында «Компания Ерке» ЖШС операторы жұмыс жасады.
2003 – 2005 жылдар аралығында ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы болып қызмет атқарды.
2005 – 2008 жылдар аралығында ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы қызметінде жұмыс жасады.
2008 – 2009 жылдары ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2009 – 2015 жылдар аралығында ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы болды.
2016 – 2017 жылдары- «Тұран Құрылыс» ЖШС -ның бас директорының орынбасары болып қызмет атқарды.
2017 жыл — Облыс әкім аппараты хатшылығының бас маманы және «Шымкент» ӘКҚ ҰҚ» АҚ төрағасының міндетін атқарушысы.
2017 – 2018 жылдары Шымкент қаласы құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы қызметін атқарды.
2018 жылдың қаңтар айынан 2018 жылдың шілдесіне дейін Шымкент қаласы Құрылыс бөлімі басшысының қызметін атқарған.
«Айғақ-Ақпарат»