Еркеғали Балажан Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы — баспасөз қызметінің жетекшісінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Еркеғали Абайұлының негізгі міндеті қала әкімінің қызметін және оның қатысуымен өтетін іс-шараларға ақпараттық қамтамасыз ету. Қала басшысының жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен баспасөз конференцияларын, брифингтерін, сұхбаттары мен кездесулерін ұйымдастыру және оның қатысуымен өтетін іс-шараларды кәсіби және сапалы фото, бейне түсіріліммен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, жергілікті билік пен БАҚ арасын байланыстырып, тиісті жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады.
«Айғақ-Ақпарат»